Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің сьезі

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТТІ
Қазақстанда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі өтті. Іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген педагогтер, лингвист-ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары қатысты.
Съезге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады.
Педагогтер қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Олар сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдерді қарастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар съезде елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылатыны туралы хабарланды. Мұғалімдер қауымдастығы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналады. Осылайша, алғашқылардың бірі болып қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың бөлімшелері еліміздің әрбір ауданында, қала мен барлық өңірде жұмыс істейтін болады.
💬«Бүгін біз маңызды мәселені көтеріп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту сапасын ашық талқылап отырмыз. Егер бұл мәселелерді шешу жолдарын іздемесек, біз одан әрі дамымаймыз. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мәселелері. Өзекті сұрақтарды талқылау және шешу, сонымен бірге пәндерді оқыту сапасын арттыру өте маңызды. Әрбір пәннің орны ерекше: математика, физика, химия, ағылшын тілі, дене шынықтыру және басқа да пәндер маңызды болып табылады.Сондықтан мұндай съездер дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, аталған форумдар мектеп қабырғасында оқытылатын басқа да пәндер бойынша өткізіледі», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі келесі аптаға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту міндетін қойған болатын. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларын жаңарту, оқу және көркем әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстан мен Өзбекстан білім саласында ынтымақтастықты нығайтады

Бей Жел 23 , 2021
Оқылды: 81 ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ Қазақстан мен Өзбекстан білім беру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа келісімге қол қояды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрі Бахтиер Саидовтың Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуі барысында мәлім болды. Өзбекстаннан келген делегацияның […]