«Аяла» қоры шала туған сәбилердің көзін емдеуге аппарат алып берді

Қарағандыдағы перзентханаға жаңа туған нәрестелерді көру қабілетінің бұзылуынан құтқаратын тор камерасы әкелінді. «Аяла» қайырымдылық қорының «Шала туған сәбилерге арналған ретинопатия» жобасы облысымыздағы сәбилердің көру қабілетін жақсартуға көмектеспек. Көз торының камерасы облыстық клиникалық аурухананың №1 перинеталдық орталығына орнатылды.

Көз торының камерасы  20-дан астам жаңа туған нәрестені диагностикалауға көмектесті. Қазір №1 перинаталдық орталықта ретинопатияны ерте анықтауға және дер кезінде емдеуге арналған құрал-жабдықтардың толық жиынтығы бар. Ол сәбилердің көру қабілетінің жоғалмауын және мүгедектікке әкеп соқпауының алдын алады. Кейде балада түрлі қиын жағдайлар да кездеседі. Бұл аппарат арқылы жедел лиагностика жасалады және жағдайды ата-аналар да көре алады. Мұнда ең бастысы қиын жағдай туындағанда республикалық мамандарға хабарлама арқылы шығып, бар жайды анықтап, онлайн түрде кеңес алуға да болады екен.

Көз торының камерасын әкелгенше, басқа аппаратпен науқастарды тек мен ғана қарайтынмын. Оны мен ғана көретіндіктен ата-анаға да дұрыстап түсіндіре алмайтынбыз. Балаларды тек диагнозын анықтау үшін ғана Астанаға жіберетінбіз. Жылдан-жылға шала туған балалар көбейіп барады, әсіресе агрессивті түрлері. Көз торының камерасы арқылы ол балаларды дұрыс емдеуге мүмкіндік туды. Өткен жылы 50 операция жасасақ, биыл 9 айдың өзінде 50 ота жасадық. Балаларға диагнозды уақытында дұрыс қойып, уақытында емдесе, шала туған сәбилердің көзі көреді,-дейді №1 перинаталдық орталықтың офтальмологы Гүлімай Ертайқызы.

Қарағанды облысында жыл сайын 23 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Оның ішінде шала туылған 1300-ден астам нәрестеге қауіп төнеді. Яғни, 40 пайыз жағдайда мұндай балаларға ретинопатия диагнозы қойылады. Бұл көру қабілетінің толық жояды. «Аяла» қайырымдылық қоры 10 ай бойы Қарағанды облысы үшін торлы камераға қаражат жинады. Бұған шаһарымыздағы жанар-жағармай құю стансаларының бірі белсенді атсалысқан. Ірі кәсіп иелері «Шала туғандардың ретинопатиясы» жобасына арналған қайырымдылық жәшіктер мен QR белгілерді орнатып, онда түскен қаржы 6 миллион теңгеге жуықтапты. «PetroRetail» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Асель Алимханованың пікірінше:

«Біз әлеуметтік бағыттағы компаниямыз. Біздің мақсат табысты бизнес жүргізу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікке де баса мән береміз. Кәсіпкерлер ел азаматтарына жан-жақты қызмет көрсету керек деп есептейміз. Біз азаматтарды өзгелердің қиындығына немқұрайлы қарамауға шақырамыз. Себебі қоғамның, бизнестің және мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында біз қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмірімізді жақсарту жолында елеулі табыстарға қол жеткізуіміз қажет. Біз Астанада тоқсанына 1000 адамға азық-түлік алып-беріп жүрміз. Біз белсенді түрде балаларды, спортты, спортпен айналысатын балаларды қолдаймыз. Аяла қоры қиналған адамдарға көмек көрсетуге, жақсы дүниені қолдауға әрқшан даяр».

Бұл перинаталдық орталыққа аса ауыр науқастар да келеді. 2022 жылға дейін ретинопатияның ерте скринингіне арналған жабдық Қазақстанда тек 4 перинатальдық орталықта болды. Қазір «Аяла» қорының қолдауымен еліміздің 17 перинеталды және ғылыми орталықтарында осы құрылғы орнатылған. Басында қаржы жиналғанмен, оны сатып алу жолдары да қиын болды. Міне, «Аяла» қоры ауруханаға орасан көмек жасады. Осы қордың көмегімен басқа да аппараттарды қолданып жұмыс істеуге жағдай жасалып жатыр. Бұл көптен күткен көмек болды.

Аяла» қоры жұмысының басты қағидаты – тиімді қайырымдылық. 12 жыл ішінде біз алып берген медициналық аппараттардың Қарағанды облысының бірнеше мың баласының өмірін сақтап қалғанына қуаныштымыз. 2022 жылдан бастап «Аяла» Қазақстанда туғаннан бері мүгедек балалардың санын азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз республика бойынша барлық өңірде қызмет көрсетеміз. Біздің ретиналды камерамыз осы өңірдің жаңа туған нәрестелерінің көру қабілетін жақсартатыныа сенімідіміз,-дейді «Аяла» қайырымдылық қорының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Наталья Еськова

Айта кететін болсақ, «Аяла» қайырымдық қоры Қарағанды облысының медициналық орталықтарына 2011 жылдан бері көмектесіп келеді. Осы уақыт ішінде аталған қор облыстың 3 медициналық мекемесін реанимация және диагностика жабдықтарымен жабдықтаған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Журналистер арасында қаржы тақырыбындағы байқау

Сей Қар 14 , 2023
Оқылды: 215 Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында өтетін “Еркін сөз”-2023 шығармашылық байқауының ережесі. «ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ 1. Жалпы ережелер 2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді. Байқаудың […]