Тәуелсіздік – баянды бақытымыз

Талай қиыншылықты бастан кешіп, Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, елімізді өркендетіп келе жатқанымыз қазақ халқының, әр азаматының еңбегі мен жетістіктері.

Тәуелсіздік – бұл әр халық, әр ел үшін ең керемет ұғым, құлаққа жағымды сөздердің бірі. Әр халық өз елінің Тауелсіздігін армандайды. Тәуелсіздікке қол жеткізу – ол маңдай тер мен бейкүнә халықтың өліміне тең. Сол қиындықтан өткен мемлекеттің бірі – Қазақстан. Міне, биыл ғана Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл болды. Бұл өте ғажап сандардың бірі. Себебі, әлі күнге дейін өзінің Тәуелсіздігін ала-алмаған мемлекеттер жетерлік. Осы 30 жыл ішінде біздің Қазақстанымыз аяққа тік тұрып, зайырлы мемлекеттердің біріне айналды. Дегенмен, әлі күнге дейін Қазақстанға деген даму мақсатымыз аяқталмады. Атам қазақ айтқандай «Еліміздің болашағы, жастардың қолында». Және де Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болып тұруы біздің басты міндеттеріміздің бірі болып саналады.

Еске түсіре кетсек, сол ХХ ғасырда Қазақ халқы үшін ең қиын жылдардың бірі болды. Қазақ халқының басынан қандай қиындықтар өтпеді десеңізші… 1930-1932 жылдары – ашаршылық, 1954-1960 жылдары – тың игеру, 1986 жылдары Желтоқсан көтерілісі болды. Бұл жылдар әр қазақтың есінде мәңгі сақталады. Себебі, ең қиын сәттердің бірі осы жылдардың астарында жатыр. Қазақ халқы тәуелсіз мемлекет болу үшін көптеген соғыстар мен көтерілістерге шығып, отаны мен отанының абыройын, өз ұлысын, отбасын қорғау үшін, қаны мен терін төкті. Айта кетсек, 1986 жылы қазақтың көптеген жас студенті Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін көтеріліске қатысқан. Ресми дерекке сай, (ресми ілікпегендері қаншама) көтеріліске шыққан 246 студенттің 99 – сотталған еді. Ал қалған жастарды аяусыз қинап, ұрып-соғып, қақаған қыста ес-түссіз күйінде, айдалаға апарып, суық қардың үстіне лақтырып кете берген. Қай қазақтың құлағына бұл сөздер жағымды естіледі дейсің? Әрине өз халқыңды аяусыз өлтіріп жатса, ішің күйіп, жүрегің ауырады ғой. Халқымыздың тәуелсіздігі үшін жанын қиып, өз өмірі мен болашағына қауіп төнгеніне қарамай, отаршыл империяға қарсы тұрған азаматтар мәңгі жадымызда қалады. Олардың өлімі бекер болмаған. Солардың ішінде ең көрнекті, есте қалған батыр тұлғалардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Самат Семейханұлы, Жансая Сәбитова. Бұл батырлар Қазақ елі үшін өз өмірін қиды. Біздің оларға деген алғысымыз шексіз. Ата- бабаларымыз айта кеткендей «Ер есімі, ел есінде». Олардың біз үшін жасаған әрекеттері мәңгіге жадымызда қалады.

Қазіргі таңда Қазақстан көркейіп, іргелі мемлекеттердің біріне бірте-бірте айналып келе жатыр. Қалаларымызда көптеген зәулім ғимараттар салынып, құрылыс жағдайлары жақсы жұмыс істеп тұр. Әрине осының бәріне біз көптеген жылдан кейін, қажымас күш пен қайратымызды жұмсап, осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Қазақ халқы мен өзге де ұлттарға елімізде көптеген жағдайлар, тұрмыс жағдайы жасалып жатыр. Бұл жерде ұлтқа ешкім бөлінбейді, бәріміз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Көптеген мектеп пен балабақшалардың саны артып, білім деңгейі қарқынды түрде көтеріле бастады. Медицина саласы да жақсарып, халыққа өз көмегін барынша көрсетіп жатыр. Елімізде әр түрлі салаларда жұмыс істеуге де болады. Осының бәрі Тәуелсіз мемлекеттің мақтанышы мен жетістіктері деп айтуға болады. Қорытындыла келсек, тәуелсіздігіміздің арқасында, біз көптеген биік белестерден өтіп, дамып келе жатырмыз. Сондықтан да еліміздің туы көкте қалықтап, тату-тәтті, болашаққа нық қадам жасап,елімізді көркейте берейік!

Гүлім Искакова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Көздің құрты

Дүй Қар 29 , 2021
Оқылды: 1  039 Кез-келген елдімекеннің бас жоспары болады. Сол бас жоспарға сәйкес, құрылыс нысандары салынуға тиісті. Назарларыңызға ұсынылып отырған суреттер Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесімен қиылысатын М.Иманжан көшесіндегі 9 қабатты көпбейінді аурухана (бұрынғы облыстық көпсалалы аурухана) мен қаламыздағы қарттар үйінің аралығынан салынып жатқан жеке меншік үй (ИЖС) секілді құрлыс жұмыстары жүріп жатқан […]