Цифрлық технологиялар, медиа, PR мамандарының тәжірибесі мен кәсіпке адалдық тоғысқан тұста сапалы өнім туады. Білім сапасын арттыруды мақсат еткен халықаралық III Қысқы PR мектебі өзекті тақырыптар, кәсіби спикерлер, жаңашыл идеялар мен инновациялық пікірлер тоғысқан платформаға айналды. Қысқы мектепте цифрлық PR және БАҚ, жасанды интеллект технологиялары, климат өзгерісі, табиғи апаттар, қауіп-қатерді […]

Салт-дәстүрім, қазынам! Өзекті тұсы нарқымның, Ұлтымның бедел, айбыны. Салт-дәстүрі халқымның – Ұрпақтың басты байлығы. Атаның жолын жалғастыр, Ананың тілі – бал бұлақ. Бабадан қалған мол дәстүр. Балаға қонса – зор мұрат. Әз дәстүр бойды толқытса, Даңғылға басар ардағы. Жас ұрпақ игі жол тұтса, Салтымның сол ғой салмағы. Ұлтының кенен қайнары, […]

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесіп ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күні аясында III PR Қысқы мектебін өткізеді. Қысқы PR мектепке Қазақстан, Германия, Британия, Түркия, Ресей елдерінен БАҚ өкілдері, PR мамандары, ЖОО оқытушылары мен Ауғанстан, Иемен елдерінен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады. […]

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова 20 ақпанда Алматыда өткен Women in Business халықаралық іскер әйелдердің форумына қатысты. Басқарма төрайымы бүгінде бизнес жүргізуде әйелдер ер адамдардан кем түспейтінін атап өтті. Банк басқарма төрайымы форумда сөйлеген сөзінде 2023 жылды қорытындылап, 2024 жылға өз болжамын айтты. – Жағдай тұрақталды, біз жақсы экономикалық өсім көрсеттік. Банкирлер ретінде біз үшін үлкен мәселе болды — санкцияларды сақтау. Біз банк […]

Тарихы тереңге тартқан түрік мұрасы жүздеген жылдарға созылатын дәстүрімен бірге десерттерімен де танымал. Кейбір туристер түрік десерттерін археологиялық және мәдени байлығына теңгереді. Дәмінің саналуандығымен және ерекшелігімен есте қалатын тәттілер жергілікті халықтың да, туристердің де сүйікті асына айналған. Осы орайда, «Taste Atlas» бірнеше түрік десертін «Әлемнің ең үздік 100 тәттісі» тізіміне […]

Қағаздың қалыңдығындай тым жұқа қамырдан, арасына үгітілген жаңғақ, үстіне ерітілген қант суы құйылған баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі. UNESCO шығармашылық қалалар жүйесіндегі Газиантеп өзінің баклавасымен «Atlas taste» тізімімен қатар Еуропалық Одақ комиссиясының шешімімен, «дәмі ерекше түрік тәттісі» аталды. Күнделікті ас барысында, сыйлы қонақтар келгенде орны бөлек баклаваның атауы […]

Түркияның сүттен жасалған тәттілері елдің басқа да кулинария шедеврлері сияқты тәтті әрі ерекше. «Фырын сүтлач» – сүт, қант, күріштен пісірілген пудинг. Тәтті дайын болғанда үстіне үгітілген даршын немесе фундук себеді. Бүкіл ел жақсы көретін «фырын сүтлачты» барлық жерде керемет дайындалады десе де, сиыр мен ешкі бағатын аймақтарда басқаша екен. Казандиби […]

«Мараш Дондурма» («Мараш балмұздағы») – Түркияның ең сүйікті десерті. Қою әрі қайталанбас дәмі бар, исі ештеңеге ұқсамайтын балмұздақтың басты сыры –  Кахраманмарашта табиғи шөппен жемделген ешкі сүтінен жасалады. Ал исі аңқыған салеп (тәтті сусын) сол аймақта өткен күлгін орхидеяның тамырынан дайындалады. «Atlas taste» тізіміндегі «Ирмик хелвасы» Анадолы асханасының маңызды бөлігі […]

Елдің мәдениетін, дәстүрін жан-жақты тану үшін оның асханасына да ден қою керек. Түркия бұл жағынан кенде қалған мемлекет емес. Түріктің асханасы әлемге танымал. Бауырлас халықтан жеткен дөнер, кебабтарды біздің елдің де кез келген бұрышынан таба аласыз. Бірақ түрік асханасы бұл тағамдармен ғана шектелмейді. Оның тарихы тым тереңде жатыр: сонау Осман […]

Танымал туристік гид «Lonely Planet» өзінің «Ең үздік саяхат-2024» тізімінде Түркияның Эгей теңізі жағалауындағы Измирдің әдемі аймағы Урланы көрсетеді. Жүзімдіктерімен және фермадан мейрамханаларға тіке жеткізілетін өнімдері, бұл Мишлен рейтингі бар гастрономиялық жұмағы, тас төселген көшелерді, ескі терезелері бар тас үйлерді және сәнді және жайлы бутик қонақ үйлерімен ерекше. Бұл әсем […]