27 АҚПАН – САЛТ- ДӘСТҮР КҮНІ

Салт-дәстүрім, қазынам!

Өзекті тұсы нарқымның,
Ұлтымның бедел, айбыны.
Салт-дәстүрі халқымның –
Ұрпақтың басты байлығы.

Атаның жолын жалғастыр,
Ананың тілі – бал бұлақ.
Бабадан қалған мол дәстүр.
Балаға қонса – зор мұрат.

Әз дәстүр бойды толқытса,
Даңғылға басар ардағы.
Жас ұрпақ игі жол тұтса,
Салтымның сол ғой салмағы.

Ұлтының кенен қайнары,
Ғұрпына болса кім ие.
Ата салт,дәстүр қаймағы –
Қазақы мынау дүние.

Әдеп-гұрпыңды ардақта,
Жас кеуде,
жалын ән бүркіп.
Салтыңды дәйім салмақта,
Дәстүрін елдің жаңғыртып.

Халықтың құт тұт танымын,
Тамыры жатыр көнеде.
Салт-дәстүр – сөнбес тағылым.
Салт-дәстүр – өлмес өнеге.

Тарихтың тіні безбендер,
Салтына ел жоқ тойынар.
Ата дәстүрден безгендер,
Өзі де бір күн жойылар.

Жадыңда мұны тұмар тұт,
Ұлтыңа нұр төк, жалында.
Сәулелі салтқа құмартып,
Дәстүрден,ұрпақ,
жаңылма.

Наурызбай Жарбосынұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Халықаралық III Қысқы PR мектебі студенттерді кәсібилікке қалыптастырады

Сен Нау 2 , 2024
Оқылды: 829 Цифрлық технологиялар, медиа, PR мамандарының тәжірибесі мен кәсіпке адалдық тоғысқан тұста сапалы өнім туады. Білім сапасын арттыруды мақсат еткен халықаралық III Қысқы PR мектебі өзекті тақырыптар, кәсіби спикерлер, жаңашыл идеялар мен инновациялық пікірлер тоғысқан платформаға айналды. Қысқы мектепте цифрлық PR және БАҚ, жасанды интеллект технологиялары, климат өзгерісі, табиғи […]