Баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі

Қағаздың қалыңдығындай тым жұқа қамырдан, арасына үгітілген жаңғақ, үстіне ерітілген қант суы құйылған баклава – түрік халқының ең танымал тәттісі.

UNESCO шығармашылық қалалар жүйесіндегі Газиантеп өзінің баклавасымен «Atlas taste» тізімімен қатар Еуропалық Одақ комиссиясының шешімімен, «дәмі ерекше түрік тәттісі» аталды. Күнделікті ас барысында, сыйлы қонақтар келгенде орны бөлек баклаваның атауы да алуан. Мысалы, «Фыстык сармасы» – фисташка жаңғағы езілген қамырға оралған десерт. Баклаваның түрі мен пішіні де әртүрлі.

Тағы бір дәстүрлі түрік десерті – күнефе. Дастарқанға ыстық күйінде берілетін күнефе қамырына ерітілген сыр мен қант шырыны құйылып, үстіне үгітілген фисташка жаңғағы себіледі. Түркиядағы ең тәтті күнефе елдің оңтүстік-шығысында кездеседі. Ал хатайлық ең мәшһүр «Антакья күнефесі» Еуропалық одақтың «Қорғалатын географиялық мұра» санатында.

www.gotürkiye.com

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ғасырлардан келе жатқан түрік десерті

Бей Ақп 15 , 2024
Оқылды: 228 Тарихы тереңге тартқан түрік мұрасы жүздеген жылдарға созылатын дәстүрімен бірге десерттерімен де танымал. Кейбір туристер түрік десерттерін археологиялық және мәдени байлығына теңгереді. Дәмінің саналуандығымен және ерекшелігімен есте қалатын тәттілер жергілікті халықтың да, туристердің де сүйікті асына айналған. Осы орайда, «Taste Atlas» бірнеше түрік десертін «Әлемнің ең үздік 100 […]