360 форматтағы арнайы репортаж Оралда түсірілді

Qazaqforum ұйымдастырушыларының бастамасымен және оралдық журналист Еркін Қариннің жетекшілігімен түсірілген Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны туралы 360 форматтағы арнайы репортаж Qazaqforum қатысушыларына ұсынылды.

Репортаж 1 мамырда Астанадан арнайы жіберілген түсірілім тобының көмегімен түсірілді. Жоба мақсаты – 360 форматта репортаж жасауды қолданысқа енгізу және медиа өкілдерін жаңа технологиялармен таныстыру.
Жаңалық сюжеттерін көруге арналған стендтер 3D көзілдіріктерімен жабдықталған, бұл көрермендерге репортаж атмосферасына толық үңіліп, оқиғаға қатысушы ретінде сезіну мүмкіндігін береді. Бұл жаңа жоба көрермендерге ерекше әсер қалдырып, оқиғаларға деген қызығушылықты арттырады.
Qazaqforum ұйымдастырушылары бұл жобаның медиа индустриясында жаңа дәуірді бастауға көмектесетініне сенімді. Еркін Қариннің айтуынша, мұндай форматтағы репортаждар ақпаратты жеткізудің тиімділігін арттырып, оқырмандар мен көрермендердің қызығушылығын оятады.
Форумға қатысушылар үшін репортажды тамашалап, өз таңданысын білдіріп жатты. Бұл жаңашылдық қазақ медиа саласының дамуына үлкен үлес қосады деп үміттенеміз.

Анықтама: Qazaqforum – қазақ тілінде онлайн контент жасаушыларға арналған жыл сайынғы форум, мұнда медиа саласындағы жаңа трендтер мен технологиялар талқыланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Айыппұл арқалаған шаруалар кінәлі ме, шенеуніктер ме?

Жек Мау 2 , 2024
Оқылды: 151 Қарағандыда қарапайым фермерлер сойылған малдың етін өткізе алмай жүр. Себебі полиция мен ветеринарлар рейд жүргізіп жатыр. Олар сауда орындарында еттің қайда әкелінгенін және қауіпсіздігін тексереді. Табан ақы, маңдай терімен тапқан мал етіне шаруалар барлық қажетті анықтамаларды жинай алмайтындығына шағымданады. Таңертең ертемен, ет базары лық толы. Полицейлер әдеттегідей ветеринарлармен […]