Мәулана әулиені еске алу рәсімі

Түркияның Конья қаласында қасиетті Мәулананың қайтыс болуына 747 жыл толуына орай, еске алу іс-шарасы өтті. Бүкіл әлемдегі ковид дертінің асқынуына байланысты салтанатты мерекеге көрермендер шақырылмады.

Есесіне, Түркия Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Коньяның губернаторы Вахдеттин Өзкан, қасиетті Мәулананың 22-ұрпағы Эсин Челеби Байри, сондай-ақ, шет елдерден келген 35 бұқаралық ақпарат өкілі қатысты. Шараны қатысушылар әлеуметтік желілер мен облыстық телеарнадан тікелей эфирде көрсетті.

1207 жылы 30 қыркүйекте Балх Хорасан қаласында дүниеге келген Мәулана 1273 жылдың 17 желтоқсанында Конья қаласында қайтыс болады. Әулие өзі қайтпас сапарға аттанған түнді «Şeb-i Arus»(Шеб-и Арус) деп атаған. Бұл «Салтанатты түн» деген мағына береді. Дәл осы күні жыл сайын «Вуслат» (сүйіктісімен қауышу) мерекесі өтеді.

Коньядағы Мәулана мәдени орталығында өткен кеште Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой: «Мәулана бізге ұлағатты өмірді мұраға қалдырды. Әлемге көз салсақ, адамдарға жамандық оларға жақсылық жасап жүрміз дегендерден келеді. Оны демократия деңіз, еркіндік не өркениет деңіз. Кеше де, бүгін де біз жаман ниет жақсы сөздердің астарында жасырын тұратынын білдік. Жақсылықты қажет жерден іздеу керек. Сонымен қатар біз жіберген қателіктеріміз бен таңдаған жаңсақ жолымыздың жауапкершілігін өз мойнымызға алуға тиіспіз.
Таңдау жасағанда нәтижесі дұрыс болмаса біз ешкімді кінәлай алмаймыз. Румиға иек артуымыздың себебі сол. Біз түсінуге, түсіндіруге және өз басымыздан өткізуге тырысамыз», – деді.

Салтанатты шараның ресми бөлігінен кейін Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің жаныан құрылған Түрік Сопылық музыкалық ансамблі «Сема» биін орындады. Шыр көбелек айналатын «Сема» – дәруіштердің биі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Індетке қарсы көмекке ірі компаниялар да әзір

Сей Жел 22 , 2020
Оқылды: 541 Халықаралық ынтымақтастық аясында «Халық» қайырымдылық қоры мен Қытайдың «CNPC» Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы COVID-19-бен күресу үшін 4 миллиард теңге бөлді. Қордың Қамқоршылар кеңесі бұл қаражатты медициналық құрылғылар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға жұмсау туралы шешім қабылдады.  Қордан бөлінген қаражат МРТ сканерлерін, компьютерлік томографтарды, флюороскопиялық және флюорографиялық жабдықтарды, ультрадыбыстық […]