10 жылда 60 мыңнан астам кәсіпкер дайындалды

Қазақстандағы әлеуметтік жоба 10 жыл ішінде 60 мыңнан астам әлеуетті кәсіпкер дайындады.

Бүгін Астанада ауыл әйелдерінің V мерейтойлық форумы өтті. Форум аясында әйелдер кәсіпкерлігіне назар аудара отырып, «Coca-Cola белестерi» әлеуметтік жобасының 10 жылдығы атап өтілді. 2013 жылдан бастап жоба негізінен Қазақстанның ауылдары мен аудандарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен және өз ісін ашуға дайын 60 мыңнан астам әйелді дайындады. Форумда жыл сайынғы «Coca-Cola белестерi» байқауының тағы 20 жеңімпазының есімі жарияланды, олар 2023 жылы өз бизнесін құруға немесе кеңейтуге 2-ден 4 мың АҚШ долларына дейін грант алады.

Жобаның 10 жылында байқауға 4000-ға жуық кәсіпкер қатысып, 117 әйел жалпы сомасы 390 мың долларға грант жеңіп алды.

Тек 2022 жылы конкурсқа қатысу үшін 369 өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% – ға өсіп отыр. Дәстүрлі түрде Ақмола (өтінімдердің жалпы санының 16%), Алматы (24%) облыстарының әйелдері белсенділік танытты. Тұңғыш рет Түркістан облысының қатысушылары жоғары белсенділікті көрсетті (қатысушылардың жалпы санының 10%). 

Жобаға қатысушылар бүкіл ел бойынша ондаған шағын кәсіпорындар ашты, соның арқасында 300-ден астам жұмыс орны құрылды, ал бірнеше жүз қазақстандық отбасы тұрақты табыс пен өзін-өзі танытып, қолға алған ісін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. 

– Біз көптеген жылдар бойы әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін жүйелі түрде жария талқылауға шығарғанымыздың нәтижесінде мемлекет ауылдың үнін тыңдап, «Еңбек» бағдарламасы сияқты даму гранттарын бөле бастады. Бірақ бұл гранттарды игеру үшін үміткерлерге білім мен дағдылар базасы қажет. Бұл тұрғыда «Coca-Cola белестерi» сияқты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік білім беру бағдарламалары болашақ кәсіпкерліктің әлеуетін қалыптастыруда ерекше маңызға ие, – деп сендірді ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ІV, V, VI шақырылымдардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

Статистикаға сәйкес, жобаны бітірген әйелдер көбінесе тұтыну тауарларын, оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылығында және қызмет көрсету саласында өз әлеуетін жүзеге асырады. Олардың көпшілігі жыл сайын жаңартылып шығатын «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабының кейіпкерлеріне айналады. 

– Экономикамыздың алтын діңгегі боларлықтай потенциалы мықты ауыл әйелдерін қолдау, дамыту, оларға мотивация беріп, кемелді келешекке жетелеу – біздің жүзеге асырып жатқан жобаларымыздың негізгі идеясы. Біз он жыл ішінде қоғамдық ұйым ретінде билік пен ауыл әйелдері арасындағы мықты көпірге айнала алдық. Ауыл әйелдерімен жәй ғана жұмыс істеп қана қоймай, олардың мұң-мұқтажын зерттеп, өзекті мәселелерін тізіп, соларды шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Көп келіншектердің оқуға ынтасы болса да, мүмкіндігі бола бермейтінін түсініп, 2020 жылдың басында пандемияға дейін Farmerschool.kz атты ауыл әйелдерін онлайн оқыту жобамызды іске қостық. 17 курстан тұратын ауыл әйелдеріне арналған онлайн мектебімізді Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігі өздерінің платформаларына орналастырып, алғыс білдірді. Грант алған қыз-келіншектеріміз ауылдарда жұмыс орындарын ашып, өңірлердің экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Белсенді қоғамдық ұйым ретінде ауылдың өмір сапасын арттыруға бағытталған жасыл жобаларымызды жылдан жылға жалғастыратын боламыз, – деді жобаның ұйымдастырушысы, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

2022 жылы үкіметтік емес ұйымдар жүргізген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуеті 32% – ға бағаланады және сапалы және қолжетімді оқыту мен қаржыландырудың әлеуметтік бағдарламаларын іздеуде әйелдер белсенділігінің өсуі байқалады. Мәселен, «Coca-Cola белестерi» әлеуметтік жобасының мысалында оқыту бағдарламаларына қатысушылардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 10 есеге, ал бизнес-идеялар конкурсына әйелдерден өтінімдер саны 4 есеге өсті.

«Coca-Cola белестерi» жобасына әлеуметтік инвестицияларға қайтарым салынған әрбір доллар үшін 1,43 АҚШ долларын құрайтынын атап өткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, бұл ел экономикасына түсетін қайтарымның өте жоғары деңгейі.

– Жоба қазақстандық қоғамға тек білім беру платформасы ретінде ғана емес, пайда әкелетінін атап өткім келеді. Тәжірибе көрсеткендей, жобаға қатысу әйелдердің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімін дамытады, олардың мотивациясын күшейтеді, психологиялық тұрғыдан нығайтады және шабыттандырады. Бұл кез-келген сау қоғамға қажет жоба. Ол әйелдерді біріктіреді, қазіргі заманғы гендерлік күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі, экономика саласында да, әлеуметтік саясат саласында да маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпал етеді, – деді «Әлеуметтік динамика» ҚҚ директоры Елена Ожго.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

15-қараша - Батырлар күні

Дүй Қар 14 , 2022
Оқылды: 422 Қамал бұзар қазақтың батырлары, Намыс-от боп жан-күйі лапылдады. Арыстандай белгілі айбаттанып, Жолбарыстай жауына атылғаны… Елдік үшін мұз шайнап, отқа кірген, Ерлік құрып еңселі топқа кірген Жаудың легі жеткенде ел шетіне, Атой салып ал сонда атқа мінген. Ауылдастан кезі жоқ алыс қонған, Қарындастан жері жоқ қалыс қалған. Толағай төс,бура […]