Қызылжар қаласында «Көрпеfest-2022» фестивалі өтті

Солтүстік Қазақстан облысы, Николай Погодин атындағы театрда 2022 жылы 3-5 мамыр аралығында халықаралық «Көрпеfest-2022» фестивалі өтті.

Фестиваль барысында Қазақстаның этнодизайнері «Алтын сапа» президентік сыйлығының бес мəрте лауреаты, «КөрпеFest » мега жобасының авторы Ырза Тұрсынзада шеберлік сағатын өткізді. Оған өңіріміздің əр түрлі жас аралығындағы қолөнер шеберлері қатысты. Бұл бастаманың мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, əлемге қазақ қолөнерінің бəсекеге қабілеттілігін көрсету. Еліміздің əр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері халқымыздың көнеден келе жатқан қазақ иісі шығып тұратын керемет жауhaр туындыларын ұсынды. Арнайы келген қонақтардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Құмар Ақсақалов та болды. Іс-шара аясында 20-дан астам қолөнер шеберлерінің туындылары жоғары бағаланып, жүлделі сыйлықтар мен тігін машинасымен марапатталды. Фестиваль соңы мерекелік шағын концертпен аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

Подгорное ауылы

9″б» сынып оқушысы

Бəтима Рахымқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қалқанша безі адам денесінде маңызды рөл атқарады

Сәр Мам 25 , 2022
Оқылды: 143 Жыл сайын 25 мамыр күні көптеген елдерде Дүниежүзілік қалқанша безі күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің мақсаты – қалқанша без аурулары, оларды емдеу және алдын алудың әдістері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру. Қалқанша безі адам ағзасында маңызды орын алады. Ол жүйке, эндокриндік, иммундық, жүрек-қантамыр, тыныс алу және […]