Қарағанды университетіне жаңа ректор тағайындалды

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған Нұрлан Дулатбеков «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ-ның Басқарма төрағасы-ректоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Жаңа басшыны ҚарУ-дың профессор-оқытушылар құрамына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды.

Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков 1962 жылы Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша және 1992 жылы ҚР Ғылым Академиясының философия және құқық институтының аспирантурасын тәмамдады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі.

Педагогикалық қызметін 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы ретінде бастаған. Одан кейін осы ЖОО-ның заң факультетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет етті.

1996 жылдан 2013 жылға дейін «Болашақ» Қарағанды университетінің ректоры болды.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына екі рет сайланды, облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясынан VI-шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитет мүшесі болды.

Нұрлан Дулатбеков 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. «Достық» орденінің иегері.

Редакция ұжымы еліміздегі ірі оқу орындарының бірі Қарағанды университетінің жаңа ректоры Нұрлан Орынбасарұлының қызметіне табыс тілейді! 

https://egemen.kz/article/246653-qaraghandy-universitetininh-dganha-basshysy-taghayyndaldy

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА

Бей Там 27 , 2020
Оқылды: 1  778 100 жыл, бір ғасыр бұрын қазақтың басына бақыт болып туған біртуар Алаш тұлғаларының ішінде Әлімхан Ермековтың орны мен еңбегі бір төбе. Шекараны белгілеп, өлшеп-пішіп беруі, қәзіргі сөзбен айтқанда, бір алып жоба ретінде дайындап, сол кездің билігі алдында қорғап шығуының өзі әлі де аз айтылған, зерттелген, зерделенген асыл мирас. […]