Түркияның тағдыры шешілген ғимарат

1922 жылы 11 қазанда Осман империясы ағылшындар, итальяндар және гректермен бітімгершілік келісіміне қол қойған. Осыдан кейін ғана түріктердің гректермен соғысы тоқтаған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұндай бітімгершіліктің маңызы зор еді. Ал осы маңызды келіссөздер майда толқынды Мәрмәр теңізінің бойында орналасқан Мудания қаласында өткен.

Осман империясының атынан өкіл ретінде генерал Мехмед Хади Паша тағайындалған. Алғашқы кездесулерге Мехмед паша классикалық стильдегі қара костюммен барған. Бұл қарсы тараптарға ілтипат танытуы еді. Бірақ бірнеше кездесу сәтсіз аяқталып, тараптар бітімге келе алмаған соң Мехмед Паша кезекті кездесуге генералдық киімін киіп, шындап кірісе бастайды. Егер маңызды құжатқа қол қойылмаса соғыстың қалай өрбитінін, және майданда Осман империясының бұданда қайраттанатыныны айтып, сұс көрсетеді. Ақыры дегеніне жетіп, бейбітшілік әкелетін құжаттарға қол қойылады.
Қазіргі таңда осындай маңызды шешім қабылданған ғимарат музей ретінде сақталған. Алғашқы қабатында үш бөлме бар. Есіктен кірген бетте сол жақтағы бөлмеде ақпарат таратушылар яғни журналистер отырған. Одан кейінгі бөлмеде келіссөз жүргізілген. Оң жақта Мехмед Пашаның жұмыс бөлмесі орналасқан. Кездесу күндері генерал ғимаратта қалып, түнеген. Екінші қабаты дерлік үйіне айналған. Қазіргі таңда музейге сол күндерден өз қалпында сақталып қалған бірнеше зат қойылған. Олардың арасында Мехмед Хади Пашаның киімі де бар.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия: «Корал» заманауи өнер көрмесі

Жұм Мау 21 , 2024
Оқылды: 101 Жаңалықтардан үнемі еститін шығарсыздар жасанды интелект, нейро жүйе, IT технологиялардың дамуы деген тақырыптарда үнемі мақалалар жарық көріп жатады. Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда «жасанды […]