Түркиядағы Гиресун — таулы-орманды мекен.

Гиресун Қаратеңіздің жағалауында орналасқан қала. Табиғаты таулы-орманд екен. 

Кузалан табиғат саябағында туристерге арналған бірнеше локация бар. Оның бірі – Кузалан сарқырамасы. Мұнда арнайы түсетін жол болмаса да, келушілер төменге қиғаш түсіп, суды кеше жүріп сарқыраманы тамашалайды. Сонымен қатар, Кузалан табиғат бағында әлемде өте аз орманда табылатын үлкен травертендер бар. Бұл Гөксу травертендері деп аталады. Оны жер астынан шығатын минералды су қалыптастырған. Түсі – көгілдір.

Туристер үшін келесі қызықты орын – Мави көл. Бұл табиғат кереметі 2014 жылы табылған екен. Қызығы сол, көлдер бір-бірінің үстіне жылға секілді ағады. Мави аталуының себебі де сол, көл әктас және минералды судан туындаған көгілдір түске ие.

Күніміздің соңында Гиресун калесіне шығып, қаланы жоғарыдан тамашаладық. Бір қызығы, Гиресун шеткерек жатқан қала болғанымен, өткен жылы бұл жерді тамашалауға 130 мың турист келген. Қала бүгінде фундук және балық шаруашылығы мен туризм арқылы экономикасын жақсы көтеріп отыр.

Кузалан табиғат бағы Күмбет және Кулаккая жайлауының арасында орналасқан.  Екі жайлау да қалың орманмен қоршалған. Жап-жасыл шалғындардан тұрады. Бұл жайлауларға туристер көптеп келеді.

Ақбота Мұсабек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандылық екі әскери қызметкер спорт шебері атағын алды

Сей Там 29 , 2023
Оқылды: 215 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ХХ Спартакиадасы аясында, екі әскери қызметкер спорт шебері атағын алды. Қарағанды ​​облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығының оқу-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ХХ Спартакиадасы аясында әскери қолданбалы және ойын спорты бойынша стандартты қарудан атудан және әскери үшсайыстан чемпионат өтті. Әр гарнизоннан келген өңірлік қолбасшылықтардың әскери […]