«Түркітілдес журналистер қоры» бірнеше қалада семинар-тренинг өткізді

«Түркітілдес журналистер қоры» Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.


Аталған жобаға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. 2022 жылдың 8-9 сәуірі мен 11-12 сәуірінде Алматы, Шымкентте ұйымдастырылған семинар-тренингке Британиядан «Avrupa» медиа холдингінің қожайыны, журналист Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан шақырылды.
Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін 80 журналист қатысты. Жобаның басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу.
«Бұл жоба негізінен 2021 жылдың 25-ші қарашасында басталды, ZOOM платформасы арқылы төрт айға созылған онлайн курс 2022 жылдың ақпанында аяқталды. Семинардың басты мақсаты – жалған ақпараттармен күрес, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық манипуляцияны анықтау, деректерді тексеру, фактчек жасау. Оған қоса ақпараттық монипуляциядан аулақ болу жайлы үйренеді»,-деді «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Назия Жоямергенқызы.
Алматыдағы семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездесу кезінде жалған ақпаратпен күрестің маңызына тоқталды.
«Журналист кез келген ақпаратты жариялағанда адамдарды адастырмау үшін жауапкершілікті сезінгені жөн. Одан бөлек әлемдегі тың ақпаратты тарата білу журналистердің артықшылығы деп білемін. Пандемия басталғалы коронавирус пен вакцинаға қатысты дезинформация мен конспериалогиялық ақпараттардың қалай тез тарағанын барлығымыз көрдік. Өкінішке қарай ол вирусқа қарағанда тез тарады. Оған қоса Ресейдің Украинаға басып кіруі мен климаттың өзгеруі және өзге де мәселелерді мысалға келтіруге болады. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызда мұқияттылық пен біліктіліктің жоғары болғаны маңызды»,-деді Бас консул.
Алматыдағы салтанатты кеште «Avrupa» медиахолдингінің жетекшісі Ватан Өз Түркітілдес журналистер қорының президенті Назия Жоямергенқызын Еуропадағы түркі журналистер ассоциациясының атынан «PRESS AWARDS-2022» сыйлығымен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні

Жек Мам 15 , 2022
Оқылды: 43 ҚАДІРЛІ ӘЛЕУМЕТ! 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленген. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. Қазақ қыздары жайлы […]