Әскерилердің отбасы – әрдайым назарда

Қарағанды гарнизонына қарасты, 44 803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерінің отбасымен жұмыс жөніндегі қызметкері, әріптестерінің отбасымен бас қосып, биылғы жылы атқарылған қызметтер жайлы тоқталып өтті.Алқалы жиын барысында өткізілген іс-шаралар туралы есептер тыңдалып, болашақта атқарылатын жоспарлар жайы талқыланды.

Саран қаласында орналасқан, 44803 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкері Айгүл Сағындыққызы Орумбаева күнделікті қызметтеотбасындағы әлеуметтік әл-ауқат пен моральдық ахуалды білу мақсатында жұмыстар бағытталатынын жеткізді. Аталмыш әскери бөлімде, жас және көп балалы отбасыларға, отбасылық дәстүрлерді нығайтуға, балаларды қолдауға және әскери қызметшілердің мәдени демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетініде айтылды.

Әскери қызметшілер арасында рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің қызметкеріАйгүл Сағындыққызы атап өтті. Ол, өз сөзінде: «Отбасы қашанда отансүйгіштіктің негізі болып табылады, яғни бұл әрбір Отан қорғаушының кәсібилігі, тәртібі мен жауынгерлік дайындығы деген сөз. Біздің ортақ іс-әрекетіміз жауынгерлерді жақындарына деген сүйіспеншілік пен адалдық, қамқорлық пен құрмет сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталуы керек» – дейді.

Іс-шараға 44803 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Кабышев Ринат Маратович қатысты. Алқалы жиын аясында, әскери қызметшілердің отбасылары отан қорғау абыройлы – іс екендігін айтып, жолдастарының қызметтік міндеттеріне түсіністікпен қарайтындығын жеткізді. Келер жылға жоспарлар ретіде айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбұлдағы Рами кітапханасы жаңа үлгіде

Жек Қаз 15 , 2023
Оқылды: 214 Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және құрылыс жұмыстарынан кейін Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан Рами кітапханасы ретінде қонақтарына есігін айқара ашты. Рами кітапханасы – өзіндік ерекшеліктері бар Стамбұлдағы ең үлкен әрі Еуропадағы санаулы кітапханалардың бірі […]