Заң бәріне бірдей

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қарағанды облысында коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді. 

ТЖ шеңберінде ұйымдарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, жаттығу және фитнес-орталықтардың, көңіл көтеру орындарының, барлардың, мейрамханалардың және т. б. қызметіне тыйым салынды.
Жоғарыда көрсетілген шараларды сақтамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қабылданған шараларға қарамастан, өңірдегі кейбір кәсіпкерлердің төтенше жағдай режимін бірқатар бұзушылықтары анықталды. Аталған тыйым салулар мен шектеулерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қарағанды облысының соттары ағымдағы жылдың 16-23 наурыз аралығында 18 әкімшілік істі қарап, 9 тұлға әкімшілік айыппұлдарға тартылды, ал 9 адамға әкімшілік қамау қолданылды.
Жауапқа тартылған адамдар тыйым салуларға бағынбай, іс – шаралар-концерттер, естелік түскі ас өткізіп, түнгі клубтар мен фитнес-орталықтардың жұмысын жалғастыра отырып, өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндірді.
Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен кәсіпкерлердің төтенше жағдай режимін бұлжытпай орындауға ерекше назар аударамыз!!!

https://www.facebook.com/profile.php?id=100014925823690&__tn__=%2CdC-R-R&eid=ARAXi6VcM_LfnZ4S1m1n3RvFzb44XyeXqVYlYOXpFO_A_d8-SjRMuL_qKqqcJGmCHajnAYjOaB8tFARW&hc_ref=ARREgSSYmBKE1HFGThVZgJSUKz3NEq67474tSG6Tn5GcCR2JRp18iZgmp4q0UijUYo4&fref=nf

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Санитарлық бекеттер ашылды

Жұм Нау 27 , 2020
Оқылды: 1  580 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облысына кіретін жолдар қатаң бақылауда. Өңірдің бес бағытынан санитарлық бекет ашылды. Енді аймағымызға кіретін әр көліктегі жолаушылар жіті тексеріледі.