Сарбаздар ант қабылдады

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. Қарағанды гарнизонына қарасты 44803 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Айбынды армия, әлеуеті мықты ел әскерінің бүгінгі іс-шарасы Әуе қорғанысы күштері қатарында өтті.

Отанды қорғау – ұлы міндет. Әскер – тәуелсіздіктің тірегі. 44803 әскери бөлімінде Павлодар мен Алматы қаласынан келген 100-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады. Енді олар еліміздің Қарулы Күштерінің сапын толықтырмақ. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар Отан алдындағы борышын адал орындауға серт берді.
–      Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Әскери бөлім бізге ұнады, барлық жағдай жасалған, келген күннен бастап командирлер білмегенімізді үйретіп, көмек көрсетуде. Отанға деген борышымды адал атқаруға барымды саламын, – деді қатардағы жауынгер Әкімжан Ақылбекұлы.
Жүректері лүпіл қаққан ата-ана, сап түзеген сарбаздар. Бұл 44803 әскери бөліміндегі салтанатты кеш көрінісі. Баласы ант қабылдап жатқан сәтін көрген ата-аналардың жүзінен қуаныш сезімі бірден байқалады.
Бүгін біз баламыздың қуанышын көруге арнайы келдік. Қарап тұрсам, баламның жағдайы жақсы екен. Кеше ғана ауылдан шығарып салған бозбала еді. Бүгін сапта сымдай тартылып, есейіп қалғандай.  Командирлерінің қамқорлығына алғыс айтамын. Отан үшін берген уәдесін орындап, елге абыроймен оралады деп сенемін, – деді сарбаздың ата-анасы Әбдуәлі Алпысбаев.
Бүгінгі кеште әр сарбаз өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Отанға адал қызмет етуге серт берген жас жауынгерлер елінің амандығы үшін қасқайып тұра алатын сарбаз деген зор атқа ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ауылшаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Сей Жел 28 , 2021
Оқылды: 57 Елордада «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» Семинары онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылды. 2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы (ФАО) «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясымен бірлесіп ФАО «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына […]