Qazaq сlub-тың 2022 жылы атқарған жұмыстары

«Qazaq club» 2022 жылғы жұмыстарын 2019 жылы тұсауы кесілген 27-ші жоба – «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі» аясында жүргізді. Атап айтқанда келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

1. 2022 жылдың 1 сәуірінде – Қазақ өнері күніне орай Тәттімбет өнер колледжінде дарынды композитор, дирижер Нұрғиса Тілендінің шығармашылығына арналған өнер кеші ұйымдастырылды.

2. 2022 жылдың 9 сәуірінде – Қарағанды қаласының Орталық саябағында 9 сәуір – Ұлттық тағамдар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, келушілерге бауырсақ пен шелпек таратылып, жас өнерпаздар өнер көрсетті.

3. 12 сәуірде – Қазақ ғалымдары күніне орай Қарағанды политехникалық колледжде Қаныш Сәтбайдың туған күніне орайластырылған «Қ.Сәтбайдың мұрасы» атты кездесу болып өтті.

4. 24 сәуір – Ұлт қайраткерлері күні Халел Досмұхамедтің туған күні аясында ұлт қайраткерлеріне арнап құран оқылып, ұйымдастырушылар Әлімхан Ермектің басына барып құран бағыштады.

5.15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күніне орай – Қарағанды қаласының Орталық саябағында «Аяулы қазақ қыздары» атты мерекелік концерт болып өтті.

6. 9 қыркүйек – Алаш ұраны күніне орай Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанұлының бастамасымен ұлт қайраткері Әлімхан Ермектің зиратын жөндеу бойынша сәулеттік жобаның таныстырылымы өтті.

7. 15 қыркүйек – Ел бірлігі күніне орай 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Қасымұлының Қазақ хандығын қалпына келтіруіне орай ұлт қайраткерлерінің рухына бағышталып құран оқылды.

8. 15 қазан – Мемлекеттік тіл күні аясында ұлт қайраткері Сәкен Сейфулиннің туған күніне орай әлеуметтік желілерде «15 қазан – Қазақ тілі күні» эстафетасы мен Н.Гоголь атындағы кітапханада «Оңай қазақ тілі» әдістемесінің тұсаукесері өтті.

9. 15 қарашада – Батырлар күні аясында Қарағанды политехникалық университетінде «Ағыбай батырдың туғанына 220 жыл толуына орай ғылыми – танымдық конференция және Қарағанды политехникалық колледжінде Ақжолтай Ағыбай батыр, Кенесары Қасымұлы, Есет батыр және Мәншүк Мәметтің мерейтойларына орай ғылыми – танымдық конференциялар өтті.

10. Сонымен қатар 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні, 15 ақпан – Қазақ тарихы күніне, 27 ақпан – Салт-дәстүр күні, 13 маусым – Қазақ халқы күні, 25 маусым – Қазақ отбасы күні, 27 шілде – Бабалар күні күні, 7 тамыз Ұлттық ойындар күні, 2 қазан – Қазақ ғарышкерлері күні, 19 қазан – Қазақ жігіттері күні, 7 желтоқсан – Ақсақалдар күніне орай әлеуметтік желілерде насихаттау шаралары іске асты.

11. 500 дана көлемінде Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі шығарылды.

12.15 қараша – Батырлар күні Қарағанды облысының әскери-патриоттық жоспарына енгізілді. Бұл атаулы күн енді жылсайын аталып өтілетін болады.

13. Бүгінде Клубтың еліміздің түрлі облыстарынан 50 мүшесі бар. Сіздерді QAZAQ CLUB-тың мүшесі болуға шақырамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияның Измир қаласында EuroVelo туристік конференциясы өтеді

Жұм Сәу 7 , 2023
Оқылды: 409 EuroVelo & Cycling Tourism Conference 2023 жылдың 11-13 қазаны аралығында Түркияның Измир қаласында өтеді. Бұл шараға еуропалық велотуризм индустриясының барлық ойыншылары қатысады. Измир өзінің керемет ежелгі қалаларымен, ерекше табиғи ландшафттарымен, әдемі жағалау сызығымен және көптеген велосипед жолдарымен ерекшеленеді. EuroVelo (European Cycling Network) және Еуропа бойынша велоспорт туризмін ілгерілету […]