ЖЫЛДАМДЫҚ  РЕЖИМІ

Қарағанды ​​гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелерінде Қарағанды ​​облыстық гарнизоны Әскери полиция басқармасының Әскери автомобиль полициясы басқармасының ұйымдастыруымен қауіпсіздік шараларын бұзудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында «Жылдамдықты есте сақта» айлығы өткізілді.

Алқалы жиын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, бірінші кезекте қауіпсіздік шараларын жіті сақтау керектігін еске салады.Айлық барысында, Қарағанды ​​гарнизонына қарасты әскери бөлімдердегі, барлық санаттағы әскери қызметшілермен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, жиын барысында Құқықтық статистика комитетінен алынған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері айтылды, арнайы жазбалар туралы хабарланды. Шара барысында әскери бөлімдердің қолбасшылығына ақпараттық хаттар жолдау арқылы әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларына жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды қатаң бақылауға алып, жеке құраммен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу міндеттелді.Сондай-ақ бақылау-өткізу пункттерінде, саябақтарда, әскери қызметшілер жиі жүретін жерлерде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының фотосуреттері стендтер орналастыру жұмыстары бойынша ұйымдастырылады.

Республикамызда автокөліктер саны күрт өсті және жеке көлігі бар әскери қызметшілер саны артқандықтан, біз жол көлік оқиғаларын болдырмай, түсіндіру жұмыстарын барынша жиі өткізуіміз керек, – деп атап өтті, өз сөзінде Әскери-автомобиль полициясы басқармасының бастығы полиция майоры Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түрік бақытының жағалауы

Жек Там 6 , 2023
Оқылды: 255 Көгілдір теңіз, әдемі жағажайлар, зәйтүн алқаптарымен қоршалған көне тарихи қалалар және зәйтүн майымен тамаша үндесетін дәмді тағамдар… “Түрік бақытының жағалауы” аталатын әсем аймақ туристік қызметтерді, көгілдір круиздерді және түрлі саяхаттарды ұсына отырып, демалушылардың жұмақтың қызығын сыйлайды.    Ежелгі тарихта аттары қалған ең күшті императорлар Эгей теңізі арқылы созылған […]