Құпиясы ашылмаған мекендер

Танымдық қызықты ақпарат

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Құдайдың құдіретіне шек келтіру мүмкін емес. Себебі айналамыздан, табиғаттан адам қолынан келмейтін, таңғажайып дүниелерді көп кездестіреміз. Жер бетінде құпиясы ашылмаған, тылсым оқиғалар мен беймәлім құбылыстары көп мекендер бар. Бұл мақаламда адам көрсе таң қалмай өтпейтін, құпиясы мол мекендер жайлы жазбақпын.

Солардың бірі –  Мексикада орналасқан «Чавинда» өлкесі. Жергілікті зерттеушілердің айтуы бойынша, мұнда жұмбақ, түсініксіз жағдайлар өте көп болады деседі. Сондай түсініксіз жағдайлардың бірі 1990 жылдары орын алған. Куәгерлердің айтуынша, айлы түнде бір адам сол жерден аттың шабысын естіген. Байқап қараса, сымбатты келген салт атты адам ұлттық киім киіп алған, ал аттың терісі ай сәулесіне шағылысып, өте айқын және ерекше болып көрінген. Ат куәгерлерден бір жарым метр алшақтықта ары-бері қозғалған. Осыған ұқсас оқиға Қызылқұмда да болған.

Қызылқұм – Әмудария мен Сырдария өзендерінің арасында орналасқан зерттеуі өте аз Орта Азияның шөлді бір аймағы. Бұл жерден сыры ашылмаған құпиялар өте көп. Мысалы, Қызылқұмның орталығынан, таулы жерлерінен өте сирек кездесетін суреттер табылған. Кейбір суреттерде ғарышкерлер киімін киген адамдар бейнеленсе, қалғандары ғарыш кемесіне ұқсас сурет тер болған. Сондай-ақ, бұл жерден 1990-жылдың қараша айында «Льдинка» бірлестігінің жұмысшылары түнде Науаи-Зарафшан жолынан биіктігі 40 метр шамасында өте ұзын цилиндрлі бір құралды көреді. Олардың айтуы бойынша, ол құралдан өте анық конус (шошақ пішінді) тәріздес жарықтың түскенін байқаған. Зерттеушілер бұл құпияны саралай келе, басқа планеталық таңғажайыптар бұл аймаққа келетіндігін айтады.

Келесі қызықты нысан – Чехия катакомбасы. Бұл – жерасты құрылысы. Чехияның Йиглав қаласында орналасқан. Жерасты жолының кейбір дәліздерінен өзгеше дыбыстар шығатын көрінеді. Сондай-ақ, адамдардың ұғымынан тыс күштердің болатыны байқалған.  Ғалымдар мен Йиглавта жұмыс істеген археологиялық экспедиция мүшелері мұндағы катакомбалар сақтаған құпияларды әлі де болса ғылым жолымен аша алмай келеді. Ғалымдар аталған аңызға толы мекеннен анық дыбыстар  естілгенін қайта-қайта айтуда. Жерасты жолы 10 метрлік тереңдікте орналасқан,  сондай-ақ дыбыс шығатындай тағы бір бөлме жоқ. Және де психологтар куәгерлердің құлақтарының қағыс естуі мүмкін деген тұжырымды теріске шығарып отыр.  Археологтардың ең басты жаңалықтары, жерасты жолынан «сәулелі баспалдақты» тапқан. Бір қызығы, оны ежелден тұрып келе жатқан адамдар байқамаған екен. Құрылыс затының  бір бөлшегін зерттеп көргенде, одан фосфор шықпаған. Куәгерлердің айтуынша, баспалдақта бір қарағанда ешқандай ерекшелік байқалмайды, бірақ біртіндеп қызғылт-сары болып сәулеленеді. Тіпті, баспалдаққа бағытталған шамның жарығын сөндірсе де, баспалдақ сәулесі өшпей, оның күш-қуаты азаймайды екен.

Келесі ақпарат кез-келген оқырманды таң қалдырмай қоюы мүмкін емес. Себебі оның аты да мұнараның бар кескінін айқындап беріп тұрғандай. «Жын-пері мұнарасы» – АҚШ-тың Вайоминг штатында орналасқан. Бұл төбеден кейде құпиялы жарық көрінеді екен. Мұнара фантастикалық фильмдерді түсіруге өте лайықты жер деп табылып, онда  кинолар да түсірілді. Бұл биіктікті тек екі рет жергілікті тұрғын ХІХ ғасырда және шыңға өрмелеуші Джек Дюрранс 1938 жылы бағындырған екен. Ал тәжірибелі парашютпен секіруші Джордж Хопкинсс биіктікті бағындырған үшінші батыл боламын деп ойлаған. Алайда, жерге түсу сәтті болғанмен, ұшақпен тасталған жіптер әжетке жарамады. Парашютші құздың тұтқыны болды. Бұл жаңалық бүкіл Америкаға тарады. Он шақты ұшақ аспанда қалықтап, Хопкинске азық пен құрал-жабдықтар лақтырды. Бірақ көп бөлігі оған ұшып жете алмаған. Жылтыр гранитті құзда егеуқұйрықтар өте көп екен. Арнайы құтқаруға жасақталған топ альпинист Эрнст Филд пен оның серіктесін шақырды. Бірақ шыңға өрмелеушілерге 3 сағаттан кейін кері қайтуға тура келді. Құздан талай қиындықтар арқылы шыққан Хопкинске онда, бір аптаға жуық «қонақ» болуға тура келіпті.

Біздің құпиясы ашылмаған мекендеріміздің ең соңғысы, әрі көнесі – Аркаим. Аркаим – бұл ежелгі қала, 1987-жылы кеңестік археологтардың  зерттеу нәтижесінде табылған. Ресей елінің аумағындағы нағыз құпиялы археологиялық ескерткіш. Ежелгі қала орны жақсы сақталып қалған. Бұл жерге адамдар ежелгі қаланы көруге ғана емес, тағы бір ерекшелігі үшін келетін көрінеді. Себебі, мұнда келген адамдар ерекше бір жағдайға душар болады. Онда жүргенде ешбір салқындықты сезбейтін көрінеді.

Міне, осындай құбылыстардың құпиясы әлі күнге ашылмай келе жатыр. Зерттеушілер қанша еңбектенгенімен, табиғаттың тосын сырларын ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмай келе жатыр. Мұны Алланың құдіреті дейміз бе, әлде өзге күш иесі бар дегенге сенеміз бе, әр оқырман өзінше саралай жатар.

Дереккөздер: орыс тілі сайттар және қазақ тілді баспасөзден алынды.

https://zen.yandex.ru/media/mibuha/chavinda-zagadochnyi-poselok-v-meksike-5bb4d68faa79e500a9a7e175

https://syrboyi.kz/tanim/30111-zher-betndeg-zhmba-oryndar.html

«Алтын сандық» республикалық газеті. Мамыр, 2011жыл, №09(38)

Материалды aimaq09.kz сайтына дайындаған

Еркежан Қабыкен, Қарағанды облысы, Абай қаласы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады

Дүй Мам 11 , 2020
Оқылды: 1  457 Танымдық қызықты ақпарат Биыл қауіпті індеттің пайда болуына туристік компаниялардың көпшілігі дағдарысқа ұшырады. Алдағы уақытта шетелге шығу қиындау болар. Біле білсек, Қазақстанда да демалуға болатын табиғаты тамаша жер көп екен. Үкімет пен демалыс орындары мекемелері бірлесіп, саяхатшыларға шетелдегідей жағдай жасаса, жергілікті халық та алысқа ұзамай, туған жердің қасиетін […]