Қос сарбаздың қуанышы

Қазақстан Республкасына қызмет етемін!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери Жарғыларына сәйкес, мерзімді қызмет әскери қызметшісі мерзімді қызмет өткерудің барлық уақыт ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайтыны сөзсіз. Осы жауапты сында нағыз сарбазға тән қайсарлық танытып, жауынгерлік даярлықтың үздіктері қатарында ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің қос сарбазы зор марапатқа ие болды.

21 сәуір – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толу күніндеҚазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов мерзімді қызмет әскери қызметшілері қатардағы жауынгерлер Бақыт Ержанұлы Кендебай мен Лутфуллам Хамражанұлы Мухтарға Мақтау қағазынтабыс етті.  Салтанатты түрдегі рәсімде мінберден сөз сөйлеген генерал-майор ТалғатМамыртайұлы: «Бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрылған күніне 30 жыл толуына орай, ерекше қуанышқа бөленіп тұрған қос сарбазға айтар алғысым шексіз! Отан алдындағы борышын бір жыл ішінде адал атқарып, жауынгерлік даярлықтағы үздік танылған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің үздік нәтижелі көрсеткіштері бір сызықпен сап түзеген басқа сарбаздарға үлгі болуы тиіс. Осындай сарбаздарымыз барда егеменді еліміздің айбынды армиясының күш-қуаты арта беретіндігі анық!» -деп, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

Санаулы күндерден кейін, мерзімді әскери қызметтен запасқа шыққалы тұрған зор марапат иелері, қатардағы жауынгерлер Б.Кендебай мен Л.Мухтар үйлеріне қайтады. Ендеше, әскери өмірден азаматтық өмірге бет алған қос сарбазға алдағы күндеріне тек жолдарының ашық болуын тілейміз!

 Думан Жұмашұлы лейтенант

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбұлда «Teknofest 2023» басталды.

Жек Сәу 30 , 2023
Оқылды: 596 Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың […]