Стамбұлда «Teknofest 2023» басталды.

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту.

Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивалге отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.
Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Стамбұлдың ең үлкен кітапханасы» шақырады

Жек Сәу 30 , 2023
Оқылды: 314 Ыстамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами әскери казармасының ғимаратында орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін есігі ашылған кітапхана бес мыңға жуық оқырман қабылдай алады. Бір қызығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Сонысымен туристерге өте қолайлы. Жалпы отыз алты мың шаршы метр болатын кітапханаға  2,5 миллион кітап сыяды. Рами […]