Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағандыда

Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Облыс орталығында генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті.

Онда әскери нысандарды салу мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.

Тараптар жанар-жағар май қоймаларын, пәтерді пайдалану бөлімінің мүлкін, «Астана» өңірлік қолбасшылығы техникасына арналған ангарлар мен Қарағанды аудандық пайдалану бөлімін салу жобаларын талқылады.

Сондай-ақ Балқаш гарнизонының әскери нысандарын қалалық жылумен жабдықтау желілеріне қосу туралы да сөз болды. Қорғаныс ведомствосы өкілінің пікірінше, бұл шара жылумен жабдықтаушы ұйымға жылу энергиясын адал тұтынушыны алуға мүмкіндік береді.

Генерал-лейтенант М. Таласов пен облыс әкімі Е. Бөлекпаев жергілікті бюджет есебінен Қарағанды қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің аумағын абаттандыру және ғимараттарын жөндеу мәселелерін де қозғады.

Жалпы жол картасында 7 нысан салу, 8 құрылысты күрделі жөндеу, 2 модульдік ғимарат салу және Қарағанды гарнизонының 3 қазандығын газға ауыстыру көзделген.

Кездесу соңында министрдің орынбасары Қарулы күштердің әскери инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

Қарағанды, Приозерск және Балқаш гарнизондарының әскери бөлімдерінде болған кезде генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов жылыту маусымына дайындық, қазандық жабдықтары мен инженерлік желілерге тексеру және жөндеу жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шығыс пен батыс мәдениеттері үйлесім тапқан - Стамбұл

Жек Шіл 9 , 2023
Оқылды: 288 Әлемдегі ең ірі  мегаполистердің бірі – Стамбұлдың басқалардан ерекшелігі бар. Шаһарда еуропалық және азиялық мәдениеттер үйлесім тапқан, өткені мен бүгіні тоғысқан. Стамбұлда әлемге әйгілі көрнекті орындар көп. Анадолы жағасы немесе  Азия құрлығындағы бөілігі тыныш әрі қоңырсалқын, табиғаты сұлу, тарихи көрнекті орындар көп, түнгі өмірі қызықты, дәмді тағамдары мен […]