Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді

2023 жылдың 21-23 шілдесінде Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында
І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді.

“Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде ұйымдастыратын шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Түркия Республикасы Солтүстік Кипр, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден 200-ден астам адам қатысады.

Форумның мақсаты – медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.

Қазақстанда алғаш рет өткізілетін І Медиа және туризм форумына мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және отандық БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары қатысады.

Өткізу орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы.

БАҚ үшін жиналу орны: Алматы қ., Республика алаңы, 13, Тәуелсіздік Монументінің жанында.

БАҚ өкілдерін тіркеу: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Заңға бағынған құл болмайды

Дүй Шіл 17 , 2023
Оқылды: 521 Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Спасск оқу-жаттығу орталығында жергілікті әскери басқару органдарының басшылығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қылмысқа орын жоқ […]