Ауыл мен ауылшаруашылығын дамытуда қосқан әйелдердің үлесі

Қазақстанның шығыс және орталық облыстарының өңірлік форумы
«Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға әйелдердің қосқан үлесі»

Форумды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Coca-Cola» халықаралық қоры және Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ.

Форумның серіктестері: «Әлеуметтік динамика» ҚҚ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі
Бұл Форум бүкіл республика бойынша жоспарланған 4 өңірлік форумның төртіншісі. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша 2021 жылғы 5 қарашада ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы өтеді.

Форумның мақсаты — Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу.

Форумның міндеттері өте кең-ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру мәселелері. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, сондай-ақ 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу.
Бағдарламаға сәйкес форумның модераторы Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Арапқызы Айсина.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; ҚР Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары; Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі «Coca-Cola» компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман; Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы Мухамедчинов; Абзал Нүкенұлы Нүкенов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары; Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлейді.

«Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Анатольевна Ожго «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған әлеуметтік жобалар «Coca-Cola белестері», «Business Team», «Ауыл өнімі», «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектебі сияқты уақыт сын-тегеуріндеріне жауап береді» тақырыбында баяндама жасайды.

Форумның дәстүрлі ерекшелігі – «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты ауыл әйелдерінің табысқа жету тарихына арналған баяндама. Бұл бөлімде сөз сөйлейтіндер: Айжан Толевгалиевна Агибаева – Шығыс Қазақстан облысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ мониторинг және әлеуметтік төлемдер басқармасының басшысы; Гульшара Камиевна Ахметова – аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қарағанды облысы «Ақтілеу» қоғамдық қорының директоры; Гульнара Шайзадовна Токпаева – Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Табыс» ЖШС директоры.
Панельдік бөлімде: Елена Николаевна Березинская-Абилова -Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы; Меруерт Минкеновна Касимова – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы; Светлана Гир-Соновна Шин – Павлодар облысы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР ҚХА мүшесі сөз сөйлейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні

Сәр Қыр 15 , 2021
Оқылды: 920 Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақ күнтізбесіндегі айшықты дата Қазақ мемлекеттілігінің қалыпқа келтірілгеніне 180 жыл толу құрметіне орай тағылымы мол шаралар өтеді. Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жайлы сөз болғанда алмағайып күрделі кезеңде Тәуелсіздік үшін күресіп,қазақ деген көшпелі жұрттың туын жықпай, саналы ғұмырын ат үстінде өткізген ұлт […]