«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Құрамда 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген», делінген хабарламада. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, рельстен шығып кету салдарын жою үшін қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды, аталмыш учаскеде пойыз қозғалысы тоқтатылмады. Келесі стансаларға баратын жолаушыларды отырғызу үшін қосымша вагондар ұсыну жұмыстары ұйымдастырылған. «Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбейтіндіктен болған. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды», делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/kz/nur-sultan-zhezkazgan-poyyzynyn-4-vagony-rel-sten-shygyp-ketti_a3606921

Келесі мақала

Қарағанды полицейлері 100-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды

Бей Қаң 23 , 2020
Оқылды: 1  019 «Қарағанды облысында полиция қызметкерлері 114 көлікті қар құрсауынан шығарды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жылыту бекеттеріне 29 адамды жеткізді»,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. 23 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері 114 көлікті қар құрсауынан шығарды. Бұдан басқа полицейлер 29 адамды құтқарып, оларды жылыту орындарына жеткізді. Облыстың жолдарында […]