Қазақстанда алғаш рет «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр.

Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Түркияның Каппадокия қаласынан қалыс қалмайды!

Алматы облысының туризм индустриясы – орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 шар аспанға көтеріліп, барлығын жарқын әсерлерімен қуантты.
Халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, экологиялық таза қайта өңдеуге болатын ыдыс-аяқтар мен басқа да экоматериалдарды пайдалану арқылы табиғатқа және оның ресурстарына құрметпен қарауды насихаттау.
Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.
– «Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалінің іс-шарасы біздің өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ, бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік болып табылады және сіз мұнда бір-біріңізбен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және ұмытылмас әсер алуға уақыт табасыз. Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап фестивальге жиналған көрермендер осындай сұлулықты тамашалауға шабыттанды, тіпті сағат 7-ге таман шарлармен биіктікке шығуға ниет білдіргендердің үлкен кезегі пайда болды. Яғни, осы арқылы біз оқиғалы туризмнің жұмыс істей бастағанын көрсетеміз.
Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық, талдай келе, Қазақстанда шарларға арналған іс-шаралар болмағанын көрдік. Әлеуметтік желі қолданушылары түсініктемелерде Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр»- деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Өңірдің туристік әлеуетін өңірде кеңінен насихаттау мақсатында «Тенгри ультра» халықаралық Ұлы дала марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткізілді, «BBC News» халықаралық телеарнасында (450 миллион аудитория) өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық науқан басталғанын атап өтеміз.

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi
#ФорумАлматыоблысы
#Шарын #Көлсай
#almatyregion #almatyregion2023 #regionofalmaty2023
#almatyobl
# tourismforumkazakhstan

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жаны саудың - тәні сау

Дүй Шіл 24 , 2023
Оқылды: 308 Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы өткізілді. Аталмыш акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу және «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай […]