ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

«ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРДІҢ ІЗІ» тақырыбымен өткен Бүркіт Ысқақұлы қайраткерлігі мен шығармашылығын насихаттауға арналған Нұра ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 10 күндік (декада) өз мәресіне жетіп, қорытынды жасалды.
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Арнайы хат жіберіп шақырғаннан соң Нұра кентіне бардық. Жанымызға серік боламыз деген жақсы жандар бір себептермен бармай қалды. Осындайда индрайверге алғыс айтасың, бірақ алты кісі жиналғанға дейін күтіп бір сағат кешігіп бардым. Кешігуімнің себебі, күту ғана емес күннің бұзылуы мен Осакаровка ауданынан шыққаннан кейінгі жолдың сексен шақырымның сергелдеңі де бар еді.
Мектеп ұжымы іс-шараға карантин жағдайында болса да, тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Оқушылар мен ұстаздар қауымы өте үлкен жұмыс жасаған. Бүркіт Ысқақұлы өмірі мен шығармашылығы Нұра кентінде қайта жаңғырды.
 
Бүркіттанудың алғашқы жылында он күндік аясында көптеген іс-шаралар өтіп жас ұрпақтың санасына құйылды. Атап өтер болсақ, музей стенд, суреттер көрмесі, ең бастысы дәстүрлі аудандық «Бүркіт оқулары» жыл сайын өткізілетін іс-шараға айналады.
Жас өскіннің Бүркіттануға қосып жатқан үлесін көріп, біз баладай қуандық. Өз тарапымыздан осы іс-шараға құр қол бармай бес кітап ала бардық. Олардың ішінде Айгүл Бүркітқызының қайсарлығының арқасында жарыққа шыққан еңбектер мен осы іс-шараны естіп, арнайы сыйлық ретінде беріп жіберген алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұлов шығарған «Естеліктегі Алаш» және біздің тұңғыш «Махмет Темірұлы қайраткерлігі мен шығармашылығы» еңбектеріміз бар еді.
Ең бастысы болашақта мектеп басшылығы мен ұстаздары «Бүркіттану» аясында оқушыларға факультативті курс енгізу жоспарланған. «Бүркіттану» оқу курсының бағдарламасын бірге жасауға келісіп кеттік. Осындай игі жұмыстар отандық тарих пен әдебиетте «Бүркіттану» ғылымына жаңа толқын, жаңа леп әкелгендігін көрсетеді.
Біздің бастамамыздың басы-қасында жүріп, оның іске асырылуын жүзеге асырған жаны ізгі жандарға алғысымыз шексіз!!!
 Алайда ұлт руханиятына сүбелі үлес қосылған күнде облыстық руханият пен мәдениетке жауапты тұлғалар қарасын көрсетпеуі өте өкінішті…
Әділет Жағыпар тарихшы
Қарағанды қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

КАЗГЮУ студенттері қоғамдық істерге атсалысады

Дүй Қар 9 , 2020
Оқылды: 2  407  М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында университетте HUB алаңын құру жоспарланып отыр. Онда студенттер АБҚО-дан гранттық қаржыландыру алған қоғамдық ұйымдардың жобалық қызметіне атсалыспақ. Сондай-ақ КАЗГЮУ орталыққа азаматтық қоғам мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді. «АБҚО» КЕАҚ Басқарма […]