«ҚР ҚМ ӘТМ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас директоры, запастағы генерал-лейтенант Болат Дарбеков Қарағанды қаласына арнайы келді. Генерал-лейтенант Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев атындағы ӘТМ-тің Қарағанды филиалының командасына әскери-техникалық училищелер арасында топ жарып, 2020- жылдың соңында бірінші орын алғаны үшін ту мен вымпелді табыстады. ӘТМ, Қарағанды филиалының бастығы, отставкадағы полковник […]