Halyk Bank алаяқтардан сақтануды ескертеді

Соңғы уақытта елімізде алаяқтық деректері көп тіркеліп жатыр. Алаяқтар ірі компаниялардың ресми сайттарына ұқсайтын жалған сайттарды қолдан  жасауды әдетке айналдырды.

Халықтың көпшілігі өз банк карталарының деректерін және SMS кодтарды енгізіп жатады, бірақ артынша алаяқтар ол мәліметтерді Apple Pay, Samsung Pay немесе Google Pay-ге тіркеп алады. Содан клиенттің картасынан түрлі терминалдан ақша шешіле бастайды. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты Halyk Bank өкілдері алаяқтардан қалай қорғану керегі туралы айтуды жөн көрді.

Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңізді қорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді:

• Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және карта деректемелерін ол жерде көрсетпеңіз.
• Әрқашан деректеріңізді қайда енгізгеніңізді тексеріңіз!
• Ешкімге, сондай-ақ, банк қызметкерлеріне картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін (картаның алдыңғы жағы) және үш таңбалы CVV/CVC кодын (картаның артқы жағы) айтпаңыз.
• Картаның нөміріноның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын, сондай-ақ «ұтыс ойындары» және «ақша үшін сауалнамалар» жүргізетін сайттардағы SMS-хабарламалардан келген кодты енгізбеңіз.
• Егер сіз қандай да бір тауарды күтсеңіз, абай болыңыз! Алаяқтар клиенттерді алдау үшін жалған жеткізу қызметтерінің веб-сайттарын оңай жасай алады.
• Интернет операциялар үшін қосымша картаны пайдаланыңыз. Қаражаттың шектеулі мөлшерін сақтай алатын сандық картаны рәсімдеуді ұсынамыз. Бұл онлайн сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға және негізгі жинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
• Halyk қосымшасы арқылы интернет операцияларға тыйым салыңыз. Бұл өз кезегінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндай алаяқтық әрекеттер 190-бап («Алаяқтық»), 195-бап  («Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру») және 247-бап («Заңсыз сыйақы алу») бойынша тиісті жазалармен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлық қажетті күштерді салып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады https://halykbank.kz/security. Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекет байқалған жағдайда 7111 нөмірі бойынша банктің колл-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қоғамдық көліктерде жол ақысы Halyk қосымшасы арқылы төленсе,100% бонус қайтады

Жұм Қыр 6 , 2024
Оқылды: 66 Енді жол жүру ақысын Halyk қосымшасы арқылы төлейтіндердің барлығына жол ақысы 100% бонус түрінде қайтарылады. Қоғамдық көлік қазіргі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Адамдарға ыңғайлы болу үшін қалада жол жүрудің жаңа түрлері мен тәсілдері жасалуда, автобустарға жеке жолақтар бөлініп, бірыңғай төлем жүйелері енгізіліп жатыр. Мысалы, тек Алматыда 2023 жылы жолаушылар ағыны орта есеппен алғанда тәулігіне 1,5 млн адамға дейін өсті. Сонымен қатар, облыстың көптеген сарапшылары жеке автокөлікпен салыстырғанда қоғамдық көліктіңэкологиялық жағынан тазалығы жоғары екендігін атап өтті, осыған байланысты халықты автобустарға, метрополитенге және троллейбустарға көшуге ынталандыру, ластану проблемаларын шешудің маңызды қадамына айналуда. Жаңа беталыс пен тұтынушылардың жоғары сұранысына сүйене отырып, […]