9 ҚЫРКҮЙЕК-АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІ

ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР СІЗДЕРДІ ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ МЕН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНІҢ АЙТУЛЫ КҮНІ 9 ҚЫРКҮЙЕК – АЛАШ ҰРАНЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ОСЫ ОРАЙДА НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА АҚЫН НАУРЫЗБАЙ ЖАРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢІН ҰСЫНУДЫ ЖӨН КӨРДІК.

Алаш Алаш боп тұрғанда,
Алаша ханның кезінде.
Құдірет еніп бұл маңға,
Ел шомды шаттық сезімге.

Өрлік боп қалқып отты бұлт,
Бұлқынды тыныс- тірлігі.
Жайқалып сонда жатты жұрт,
Бұзылмай елдің бірлігі.

Көгінде елдің – жарық күн,
Бойында мұрат- тұмары.
Ал сонда дүйім халықтың
«Алаш» болған- ды ұраны.

«Алаш» деп атқа қонатын,
«Алаш’ деп ерлер жанатын.
«Алаш» деп жайып қанатын,
Ел содан мұрат табатын.

Іргені түрмей жат ойға,
Ел үшін ерлер от кешсе.
«Алаш» деп басты атойға,
Бөтен халықпен шектессе.

Ереулі сәтке бой тұнса,
Еңсесін тіктеп қиынннан.
«Алаш» деп ұран айтылса,
Түмен ел түгел жиылған.

Бірігіп сонда күллі жұрт,
Алаштың даңқын дүрлеген.
Не дүлей тұрсын дүрлігіп,
Ысырған әрі іргеден.

Алаша ханның даңқын көр,
Селт еткен түннің түнегі.
Баһадүр бабалардың сол
«Алаш» деп соққан жүрегі.

Елдіктің дәйім сәті – құт,
Ерлердің дәті – сертінде.
«Әруақ»деп ұран шақырып,
«Абылайлап»
жортқан бертінде.

Болмысын елдің текті сез,
Көнбеген бұлғаң,бұлтаққа.
…Бабалар тұтқан отты сөз,
Сәулесін төксін ұрпаққа.

Наурызбай Жарбосынұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ журналистерінің Түркияға сапары

Дүй Қыр 16 , 2024
Оқылды: 85 Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған делагация Түркияның екі бас қаласы Анкара мен Ыстамбұлға барып, маңызды кездесулер өткізді. Соның ішінде заманауи құрылғылармен жабдықталған Башкент ауруханасына барды. Түркиядағы Башкент ауруханасына дертіне дауа іздеп келетіндер көп Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған Түркітілдес журналистер қоры делегациясының 6 күнге созылған […]