Халқына адал қызмет атқарған «Темір Нарком»

Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898-1938) Қазақ өнерінің,мәдениетінің және әдебиетінің қанат жаюына қыруар еңбкк еткен, алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Темірбек Жүргеновтің есімі тек қазаққа жұртына емес бүкіл түрік халқына мәлім, төрт мемлекеттің тарихында өз атын қалдырған ұлы тұлға. Темірбек Жүргенов ұшқыр ойлы, қаламы қарымды публицист, еңбек қызыл ту орденінің иегері. 

Темірбек Жүргеновтің ел дамуына қосқан еңбегі зор, 1934 жылы Қазақстанда 6 бірдей жоғарғы оқу орнының құрылысын бастап, Қазақстанның мәдениеті мен білім беру саласында төңкеріс жасаған тұлға, ағарту саласының алғашқы министрі. Халық ұлы тұлғаның есімі Темірбек болғандықтан емес, қайтпас мінезі, талапшыл болғандықтан «Темір Нарком» деп атаған. Мінезі тік, дара тұлғаның осы қасиеті Қазақстандағы сауатсыздықты жойып, жүздеген мектептер салынып, мыңдаған оқулықтардың жарыққа шығуына әсер еткен.

Темірбек Жүргенов Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметін атқарды, және де Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Темірбек Жүргеновтің тікелей араласуымен «білім беру жүйесі мен орта мектептерді көбейту туралы» қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерін көбейтуге орасан зор үлесін қосты. Жоғары оқу орындарына арналған «Саяси экономия» және «Құқықтану» пәндері бойынша оқу кітаптарын қазақ тіліне аударып, қазақ термелерінің жинағын құрастыруға атсалысты. Темірбек Жүргенов ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын дайындауға көп көңіл бөлді, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларында жоғары оқу орнынан білім алуына көмегін көрсеткен. Ә.Қастеев, Ж.Шанин, М.Әуезов т.б өнер адамдарына  шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасап отырған.

Темірбек Жүргенов тұсында республиканың барлық өңірінде драмалық, музыкалық ұжымдар ашылып, ел арасында жүрген әнші, күйші, бишілер бір шаңырақ астына жинала бастады. Халық жыршылары мен жыраулары, айтыскер және термешілер  бас қосып, сала-сала бойынша професионалды өнер ордаларына айналды. Темірбек Жүргенов бұның бәрін ұйымдастырып қоймай, олардың жұмысы мен дайындықтарына тікелей өзі қатысып, театр, биші және әншілер тобының өнерлерін түн жарымы ауғанша қадағалап, пікір айтып, қателерін дұрыстап отырудан жалықпаған. Темірбек Жүргеновтің осындай еңбектерінің арқасында, Алматыда Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының бірінші өнер слетін өткізді. Мұны естіген Сталин «қазақтарда өнер, мәдениет деген зат бар ма?»-деп күлкі қылған. Намысшыл Темірбек Жүргенов 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігін өткізудің басты ұйымдастырушысы болды. Бұл іс-шараға Сталин де қатысып, «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» опералары және де қазақ аспаптары, ән, би, күйлерін көріп аң-таң болған деседі.

Темірбек Жүргенов кездескен қиындықтарға мойымай рухани-мәдени, оқу-білім саласын алға қарай дамытып, өрге сүйреген қайраткер. Елінің, тілінің, жұртының қамын ойлап, ақтық демі қалғанша соғысқан батырымыз. Жоқты бар қылған, барды зор қылған жасампаз. Осы жасампаздық, қайтпас мінезі, елеулі еңбектері мен есімі ел есінде мәңгі қалатын арыс тұлға. Мың жылда бір туатын ұлы тұлғамызды ұмытпай, еңбектері мен оның істерін мәңгі есте сақтап, келешек ұрпақа насихаттап жеткізу енді біздің міндетіміз. Себебі тау тұлғаның өнегелі өмірі, еліне деген сүйіспеншілігі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатыны һақ.

Ерсұлтан Хожалепес 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

«Медиажурналистика» мамандығының

1 – курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сайлау - 2023: Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті

Дүй Нау 20 , 2023
Оқылды: 688 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. 19 миллионнан асатын халқы бар елде тіркелген 12 миллион 32 мың адамның 6,5 миллионы өз таңдауын жасады. Сайлауға ресми түрде тіркелген 7 саяси партия мен 525 үміткер қатысты. «Еуразиялық интеграция институтының» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі шықты: […]