Сайлау – 2023: Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті

2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. 19 миллионнан асатын халқы бар елде тіркелген 12 миллион 32 мың адамның 6,5 миллионы өз таңдауын жасады. Сайлауға ресми түрде тіркелген 7 саяси партия мен 525 үміткер қатысты.

«Еуразиялық интеграция институтының» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі шықты:

«Аманат» – 53,46 пайыз;
«Ауыл» – 10,52 пайыз;
«Республика» – 8,9 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,25 пайыз;
Байтақ – 3,22 пайыз;
Ақ жол – 7,87 пайыз;
ЖСДП – 5,31 пайыз.
“Барлығына қарсы” – 4,47 пайыз.

“Социс-А» институтының Exit Pool нәтижесі:

«Аманат» – 54,42 пайыз;
«Ауыл» – 10,21 пайыз;
«Республика» – 8,79 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,89 пайыз;
Байтақ – 2,17 пайыз;
Ақ жол – 8,21 пайыз;
ЖСДП – 4,91 пайыз ;
“Барлығына қарсы” – 4,4 пайыз.

Сайлаудың нақты нәтижелері 10 күн ішінде жарияланады.

Бакытбек Алима,

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

“Компьютерлік технологиялар” кафедрасы

“Медиажурналистика” мамандығының 3 -курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Алматы облысындағы Наурыз мерекесі

Бей Нау 23 , 2023
Оқылды: 433 Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Өңірдің түкпір-түкпірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, халқымыздың тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды. Алматы облысының орталығында Ұлыстың ұлы күнін тойлату ағаш отырғызу рәсімінен басталды. Рәсімнің шымылдығы қариялардың ақ батасымен ашылып, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Облыс әкімі 1-шағын […]