Былтыр шілдеден қыркүйекке дейін Сібірдегі өрт жер-жаһанның құтын қашырып еді. Енді, ежелден жасыл құрлық деген аты шыққан Аустралия отқа оранды. Тамыздан бері тілсіз жау ырық бермей тұр. Азуын айға білеп, Марсқа жол салған адамзат табиғи катаклизмдер алдында қауқарсыз. Ну орманнан жол бойына шығып, жолаушыдан су сұраған коаладан қай дәрменіміз артық?! […]
Өзекті
Қарағандыда идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын өзгерту көзделіп отыр. Осыған байланысты, 13 қаңтарда сағат 17:00-де «Достық» үйінде қоғамдық тыңдау өтпек. Аталмыш жиынның маңызы мен салмағы қандай болмақ? Кеншілер шаһарында Зональная, Ленин, Волочаевская, Кривогуз, Защитная, Кувская, Олимпийская, Приканальная, Черкасская секілді атауы ескірген көшелер бар. Лениннің кім екені баршамызға мәлім. Жұрт арасынан […]
Қазыбек би ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Дархан Малдыбаев тағайындалды. Дархан Дүйсебайұлы әкім орынбасары қызметінде әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Дархан Малдыбаевтың екі жоғары білімі бар. Біліктілігі бойынша «Политолог», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының иесі. Еңбек жолын 2005 жылы […]