Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады

Алдағы аптада Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған «Нұр жолы», «Қалжат» өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.
Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.
Айта кетейік, Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.

 

https://aikyn.kz/policy/7-24/16221-qytay-qazaqstanmen-shekarasyn-gabady/

Келесі мақала

Қарағанды облысында әкімге сұрақтар жолдау үшін арнайы жәшіктер орнатылды

Сен Қаң 18 , 2020
Оқылды: 1  435  Құрметті облыс тұрғындары! 2020 жылғы 19 ақпанда сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында (Бұқар Жырау даңғылы 25) Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалалары әкімдіктерінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту орталықтарында […]