Қазақстандықтар «Cleantech Days 2024» жаһандық форумында жүлдеге ие болды

6 маусымда Австрияның Вена қаласында өтіп жатқан Cleantech Days 2024 жаһандық форумы аясында жасыл жобалар байқауы өтті, онда қазақстандық «Ozen -M» стартапы әлемнің 22 командасы арасында 2-ші орынға ие болды. Қазақстаннан ұсынылған екінші жоба Re-Compo ТОП-6 финалистер тізіміне енді.

Ozen-M – нақты уақыт режимінде өзендер мен көлдердің жағдайын бақылауға арналған интерактивті картасы бар веб-қосымша. Әзірлеу пайдаланушыларға су ресурстарын тиімді басқару мақсатында негізгі өзен мен оның салаларының ағынын, сондай-ақ өзен бассейніндегі негізгі гидротехникалық құрылыстардың орналасуын схемалық түрде көруге мүмкіндік береді.

Cleantech Days – UNIDO-ның жаһандық іс-шарасы, онда бүкіл әлемдегі GCIP финалистері таныстырылды. Қазақстан финалға бірден көп стартап шыққан ел болды. Біздің елден барлығы 4 жоба қатысты, олардың барлығы GCIP Kazakhstan 2023 акселерация бағдарламасының түлектері және 3 миллион теңге грант иегерлері.
GCIP Kazakhstan – Біріккен Ұлттар Ұйымының Индустриалды Даму Ұйымы (ЮНИДО) және Жаһандық экологиялық қор бастамасымен және Қазақстанда жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы. Қазақстан бағдарлама ұсынылатын 16 елдің ішінде болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарқаралыда аспалы жол салынады

Жұм Мау 7 , 2024
Оқылды: 679 Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында біршама туристік нысандар бой көтереді. Тау баурайындағы 75 гектар жерге және Үлкен көл жағалауына жаңа демалыс орындарын салу жоспарланған. Одан бөлек шағын, орта кәсіпті бастаушыларға да қолдау көрсетіледі.  Қарақаралы қаласының маңында тұрған 3 глэмпинг былтырдан бері туристердің сүйікті демалыс орнына айналған. Кәсіпкер Айжан Оңғарбай келушілердің […]