Қарқаралыда аспалы жол салынады

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында біршама туристік нысандар бой көтереді. Тау баурайындағы 75 гектар жерге және Үлкен көл жағалауына жаңа демалыс орындарын салу жоспарланған. Одан бөлек шағын, орта кәсіпті бастаушыларға да қолдау көрсетіледі. 

Қарақаралы қаласының маңында тұрған 3 глэмпинг былтырдан бері туристердің сүйікті демалыс орнына айналған. Кәсіпкер Айжан Оңғарбай келушілердің көптігіне байланысты, эко-туризм бағытындағы демалыс орынын үлкейту көздейді. Бүгінде шағын кәсібінің арқасында 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Көптеген туристер Қарақаралының табиғатына қызыға да, қызғана да қарайды. Экотуризмнің артықшылығы табиғатқа зияны жоқ, тоқпен жұмыс істейді. Қысы-жазы төрт мезгілде де туристерді қабылдайды.  Табиғатқа да, адамдарға да зияны жоқ»,- деп мәлімдейді жас кәсіпкер Айжан Оңғарбай.

Өлке туризмі өңірдің негізгі табыс көзіне айналуы қажет. Осы тақырып кәсіпкерлер форумында да талқыланды. Жүзеге асып жатқан ерекше жобалардың бірі – қала маңындағы тоған жағалауын абаттандыру. Қазір бұл шаруа 80 пайызға аяқталған. 70 гектардан асатын таулы өлкеде түрлі туристік нысандар ашылмақ. Солардың бірі, шаңғы базасы салынады. Одан бөлек тау жотасына аспалы жол ашылуы тиіс. Қазір бұл маңға әлеуетті инвесторларды тарту үшін тиімді келіссөздер кезегін күтіп тұр. Содан кейін жобалық сметалық құжаттамалары дайындалады. Егер туристік аймақ жобасы ойдағыдай жүзеге асса, саяхаттаушылар ең көп келетін орынға айналады деген зор үміт бар. Бүгінгі таңда Қарқаралыда 40-қа жуық демалыс орыны жұмыс істейді. Ел Президенті өңірге келген сапарында Қарағанды мен Қарқаралы аралығындағы тас жолды жөндеу туралы тапсырма берген болатын. Қазір жол картасы бекітіліп, республикалық маңызы бар жолдың 53 шақырымы жөнделіп жатыр.

Айман Абдыкаримова

Е.Бөкетов атындағы зерттеу университеті,

Журналистика бөлімінің

ІІ курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанды қорғау – ұлы міндет

Дүй Мау 10 , 2024
Оқылды: 340 Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. Қарағанды гарнизоны, Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Қазақ халқы ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-Ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар […]