http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағандыда «Көктем 2020» оқу-жаттығуы өтті. 2015 жылы аймағымызда 118 су басқан аймақ анықталған болатын. Одан бері арнайы жұмыстар жүргізіліп, бұл көрсеткіш 5 есеге кеміді. Алайда, биыл қардың көп жауғаны себепті, өткен жылға қарағанда су басу қаупі жоғары.

Қарағандының дәл іргесінде  «Восьмидомики» деген орыс тілді атауға ие болған ауыл бар. Осы ауылдың тұрғындары «әкім келгісі келмейтін, облыс билігі тарапынан назардан тыс қалған жұртқа айналдық » деп наразы болуда. Қарағандыға 30 шақырым жерде орналасқан бұл ауыл Шахан кентіне қарайды. «Восьмидомики» ауылында әкім жоқ , бұл елді мекенге Шахан кентінің […]

Қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген ер азамат ұсталды. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы сұғанақты «15-дүкен» аялдамасында қолға түсірген.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан республикалық чепионат ұйымдастырылды. Қазақстанның түрлі аймағынан 13 команда қатысқан жарыс Қарағандыда дәстүрге айналған.

«Елімізде ұлттық идеологияны қалыптастыру мақсатында ЕСЕП- Елін сүйген Ерлер Партиясы алғаш Махмет Темірұлы, Бүркіт Ысқақұлы бастаған азаматтардың ықпалымен 1941 жылы құрылған. Алайда соғыс басталып, бұл бастама тоқтап қалған. Алаш арыстарынан кейін шыққан бұл азаматтардың бастамасы Қарағандыда жалғасты»,-дейді зерттеушілер.

Айыпкерлер бірнеше айдан бері қылмыстық іспен айналысып, бір күнде 16 млн. теңгенің өнімін ұрлаған. Тексеріс барысында, олардан әскери қару-жарақ табылды. Бұл қылмысқа теміртаулық полицейлер де сыбайлас болуы мүмкін.

Бір жарым жастағы Ратмир ыдыс жууға арналған химиялық затты ішіп қойған. Салдарынан баланың өңешін күйік шалып, іш құрылысы қатты зақымданыпты. Қарағанды облысында өткен жылы химиялық заттарды ішіп қойған 47 бүлдіршін өңеш күйігін алған екен.

Қарағанды қаласындағы ЖБИ аталып кеткен елдімекенде қаңтардағы бораннан кейін қоқыс жәшіктері толып, айналасын қалың қар басып қалған. Үйіндіге омбылап жеткен тұрғындарға қалдық заттарды төгудің өзі мұң болыпты. Телеарнаның түсірілім тобы барғаннан кейін, Октябрь ауданы әкімдігінің қадағалауымен жауапты мекеме қоқысты тазалады.