Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды. «Қазақстанда арнайы шот ашылды. Ол шотқа Түркия елшілігі жауап береді. Қазір Қазақстан тарапы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сіздерге өтініш, ақпаратты тек ресми көздерден алсаңыздар. […]

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғаныстан елінен шығарылған күніне орай Қарағанды облысының Приозерск қалалық кітапханасында «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбындағы кеш өтті.  Іс-шараға Приозерск гарнизонындағы 44841, 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері, қалалық №1 орта мектебінің оқушылары мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатыстырылды. Басты қонақ ретінде Ауған соғысының ардагері, […]

Қарағанды ​​гарнизонында 7-10 ақпан аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөліммен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» әскери-патриоттық акциясы өтеді. Аталмыш акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр. Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, жоғары […]

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл пандемиядан кейін туризм саласындағы жаңа рекордтарды көрсетеді әрі Түркияның алдағы 5 жылға арналған стратегиясын айқындайды. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдің 2022 жылғы туризм нәтижелерін жариялады. Түрік кеденінің деректеріне сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асқан. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 […]

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету. Қазақстанда жыл сайын 39 мыңға жуық адам […]

2019 жылы «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен Қарағанды қаласында Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Күнтізбені шығарудағы мақсат ұлт құндылықтарын сақтау мен оларды қоғамда тұрақты  насихаттауға жол ашу. Күнтізбедегі атаулы күндер тарихи тұлғалар мен ұлттық тарихымыз үшін  құнды даталармен етене байланысып жатыр. Жалпы алғанда, […]

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы салауатты өмір салты насихаты бойынша жеке құраммен өткізілді. Көрсетілген акция «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспар бойынша […]

Аймақта ашылған соңғы археологиялық жаңалықтардың арқасында бүкіл әлемнің назарына іліккен Шанлыурфа Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 11-ші Туризм министрлері конференциясында «2023 туризм қаласы» деген шешім қабылданды.  Жер шарының 57 мемлекетінен құралған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының таңдауын тойлау үшін Шанлыурфа халықаралық халал көрмесі, Ислам әлемі ғалымдары симпозиумы және Ислам әлемін жақындастыратын саяхат кітаптарындағы Ислам […]

Алматыдағы ҚҰАЗУ студенттер кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтаруды талап етіп  жатыр. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев студент жастармен кездесуі сәтінде жастар білім ордасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін жәйып салды. «Біздің бүгінгі мақсатымыз […]

ҚҰРМЕТТІ ӘЙЕЛДЕР! 2023 жылдың 28 қаңтарында (сенбі күні) Қазақстанның мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны обырын ерте анықтау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді. Әйелдерді тегін кеңес алуға және онкогинекологтардың тексеруінен өтуге шақырамыз! Жасы мен тұрғылықты жері маңызды емес. Ашық есік күні Онкологиялық ұйымдарда жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру […]