Жаңа Қазақстанның тірегі-айбында жастар» әскери-патриоттық акциясы өтеді

Қарағанды ​​гарнизонында 7-10 ақпан аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөліммен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» әскери-патриоттық акциясы өтеді.

Аталмыш акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр. Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының студенттеріне, әскери кафедра студенттеріне, «Жас сарбаз» қозғалысының оқушыларына арналған іс-шаралар барысында Қарулы Күштерге және Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған Әскери-тарихи музейінің тақырыптық экспозициясы көрсетілді. Шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы концерт ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ерліктің ерен үлгісі

Сәр Ақп 8 , 2023
Оқылды: 354 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғаныстан елінен шығарылған күніне орай Қарағанды облысының Приозерск қалалық кітапханасында «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбындағы кеш өтті.  Іс-шараға Приозерск гарнизонындағы 44841, 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері, қалалық №1 орта мектебінің оқушылары мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатыстырылды. Басты қонақ ретінде Ауған […]