Ауруханалық аудармашылар жайлы не білесіз

Қазіргі таңдағы пандемия барша әлемге медицина мен дәрігерлердің құдіретін сездіргендей болды. Ал, осы қиын сәтте одан басқа қандай маман иелеріне қажеттілік туындағанын білесіз бе?

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Әрбір елдің тұрғылықты халқымен қоса мигранттары да болатыны анық. Қазір короновирустың таралуы ең қатты үдеп тұрған АҚШ-14,5%, Қытайда-0,1%, Италияда-9,7%, Ресейде-8,1% мигрант бар. Ал, осы мигранттар ауыра  қалған жағдайда дәрігерлермен байланысқа түсу үшін аудармашы керек болатыны анық. Көптеген елдерде арнайы ауруханалық аудармашылар жұмыс істейді. Олар емделуші мен медицина қызметкерлерінің кедергісіз  қарым-қатынас жасауы үшін барын салады. Емделуші мен жедел жәрдем қызметкері екі түрлі тілде сөйлегенде ауру белгілерін дәл анықтау қиын және қауіпті болуы ықтимал. Сондықтан олар медициналық көмек көрсету үдерісінің әрбір кезеңінде: қабылдағанда, тексергенде, кеңес бергенде, ем-шаралар жүргізгенде және дәрігер мен емделуші арасындағы өзара іс-қимылдың басқа да түрлері қажет.

Көптеген елде  мемлекеттік ауруханаларда емделушілерге ауызша аударма қызметін тегін көрсетуді міндеттейді.  Еңбек бюросының бағалауы бойынша ауызша және жазбаша аудармашылардың 23 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған фрилансерлер болып табылады.(Фрилансер – бұл нарық жағдайында түрлі тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін адам.) Біздің елде де ауруханаларда шұғыл жағдай болған жағдайда фрилансерлердің көмегіне жүгінеді. Олар дәрігерлер және емделушілердің үйлеріне жиі барып  немесе телефон мен видеобайланыс арқылы жұмыс істейді.

Жалақы және жұмыс перспективалары

АҚШ-тың Еңбек бюросының статистикалары жалпы медициналық және хирургиялық ауруханаларда жұмыс істейтін аудармашылардың жылдық жалақысы $ 47 640 (20 млн теңгеден астам) құрайтынын хабарлайды. Ең төменгі ақы төленетін 10% ауызша және жазбаша аудармашылардың өзі  $22 240 табады екен. Жалақы мөлшері  әдетте, тәжірибе мен білімге және еңбек өтіліне қарай  бағаланады. Еңбекақы сондай – ақ тілге байланысты  да өзгеріп отырады. Фрилансердың жұмыс тілі өз саласында қаншалықты сұранысқа ие болса, сонша кіріс кіреді.

АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметінше, ауызша және жазбаша аудармашылар үшін жұмыс орындарының өсуі 2012 және 2022 жылдар арасында 46% – ға артуы мүмкін. Ішінара диверсификацияға байланысты Американың иммигранттық халқы 1980 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде 140 пайызға өскен болатын. Оған  қоса қазіргі таңда әлемдік індеттің таралуы білікті аудармашыларға сұраныстың өсуіне барынша ықпал етті. Егер оқырмандар арасында болашақ түлектер болса, аудармашылықты табысты мамандық ретінде қарастырып көруді ұсынамыз.

Деректеркөздер:

https://www.commisceo-global.com.

https://www.wisegeek.com.

https://www.innerbody.com.

https://ru.wikipedia.org/wiki/

Материалды  http://aimaq09.kz/ сайты үшін ағылшын тілді БАҚ- арнайы аударып дайындаған

Нұрәсем Ахан

Қарағанды облысы, Жәйрем кенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда бұрынғы әкімшілік қызметкері сотталды

Жек Мам 17 , 2020
Оқылды: 1  171  Әкімшілікте қызмет жасаған маман 26 адамды алдап ақша алған.  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Бұрын бірнеше жыл бойы тұрғын үй секторында қызмет жасаған шенеунік пәтер алғысы келген тұрғындарды оңай алдап соққан. Бұрынғы әкімшілік қызметкері мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғысы келгендерге ақылы қызметін ұсынған. Ол баспананы тезірек алудың […]