Астана: Дипломаттар басқосуда Түріктің таңғы асын ішті

Қазақстанның мәдениет, өнер және бақ саласында танымал қайраткерлер мен Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері түрік таңғы асында бас қосты.

ЮНЕСКО тарапынан жариялаған және жыл сайын маусымның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік таңғы ас күніне орайластырылған «Түрік таңғы асы» атты іс-шара Астанада өтті.

Түркияның Астанадағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мен оның жұбайы Аху Капуджу ұйымдастырған аталған іс-шараға Қазақстанның белгілі мәдениет, өнер, бақ қайраткерлері, сондай-ақ дипкорпус өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында дәстүрлі түрік таңғы асымен қатар Түркияның Ризе провинциясынан арнайы әкелінген түрік шайы да ұсынылды. «Лазика» шай компаниясының сату жөніндегі үйлестірушісі Серай Сары түрік шайының тарихы мен дайындалу тәсілдеріне арналған презентация ұсынды.


Елші М.Капуджу «Дүниежүзілік таңғы ас күні» алғаш рет Ван аймағында (Түркия) атап өтіле бастағанын айтып, сондай-ақ таңғы астың мәдени маңыздылығын атап өту әрекеті қазір жаһандық іс-шараға айналғанын атап өтті.

Түрік мәдениетінде таңғы ас ерекше орын алатынын атап өткен Елші Капуджу, «түрік таңғы ас жәй ғана тамақтану ғана емес, бұл отбасылар мен достарды біріктіретін құнды дәстүр» деді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстандықтар "Cleantech Days 2024" жаһандық форумында жүлдеге ие болды

Жұм Мау 7 , 2024
Оқылды: 135 6 маусымда Австрияның Вена қаласында өтіп жатқан Cleantech Days 2024 жаһандық форумы аясында жасыл жобалар байқауы өтті, онда қазақстандық «Ozen -M» стартапы әлемнің 22 командасы арасында 2-ші орынға ие болды. Қазақстаннан ұсынылған екінші жоба Re-Compo ТОП-6 финалистер тізіміне енді. Ozen-M – нақты уақыт режимінде өзендер мен көлдердің жағдайын […]