«Жас сарбаз» қозғалысының жылдық есеп беру кеші

Қарағанды қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің «Жас Сарбаз» сыныптарының жылдық есеп беру мерекелік кешіұйымдастырылды. Аталмыш мектептің сынып қатарына қабылданған оқушылар осы уақыт аралығына дейін үйренген жұмыстарын көрсетті.

Қарағанды қаласында білім саласындағы эксперименталды инновациялық жұмыстар аясында 2004-жылдан бастап кадет сыныптары ашылған болатын, ал бүгінгі күні ҚР Тұңғыш Президентінің 2018-жылғы 12-қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген, жалпыұлттық жоспардың 97-тармағында «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру арқылы жастардың әскери –патриоттық тәрбиелеуді күшейту мақсатында биылғы жылы «№10 жалпы білім беретін мектебінде» Жас Сарбаз сыныптары ашылған болатын. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің халыққа Жолдауында еліміздің Үшінші жаңғыруы жарияланғаны және қазіргі таңда Рухани Жаңғыру бағдарламасының іске асырылуы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы ерекше артуда деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар. Жас Сарбаз сыныбының оқушылары мектептен тыс ұйымдастырылған әскери – патриоттық тәрбие беретін мекемелерге, әскери бөлімдерге ашық есік күні қарсаңында саяхат жасап, өздеріне керек тәлім мен тәрбиені қоса алып жүруге себебін тигізер көптеген іс – шараларға дабелсене араласуда.Жас Сарбаз сыныбының тәрбиеленушілері биылғы оқу жылында оқып- үйренген тәжірибелерімен бөлісіп, қару-жарақты уақытқа шашып-жинауды ата-аналарына көрсетті. Оқушылардың бастапқы деңгейдегі жетістіктеріне сынып тәрбиешілері мен пән мұғалімдерінің қосқан үлесі зор.

№10 жалпы білім беретін мектептің оқушылары саптық жүру дайындығынан бөлек, әскери дайындық әрекеттерінің барлық кезеңдері бойынша дайындықтан өтіп, тәжірибелерін өмірде қолдана алатындай деңгейге жеткізгенін байқатты. Жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын тәрбиелеу мақсаттарын көрсете отырып,  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру міндетін алға қойып, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі РМУ 2022-жылғы 13-желтоқсанда ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Ұстаздары мен ата – аналар алдында «Жас Сарбаз» сыныптары есептік бағдарламасын дайындап, ел көңілінен шықты. Келген қонақтар қатарында ұстаздар қауымы мен ата-аналар, «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері болды.«Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл алғашқы талаптардың бірі, әрі бірегейі. Бұдан бөлек, әскери-патриоттық қозғалыстың мүшесі атану үшін, ата-аналарының рұқсаттамасы керек. Қатарға қабылдану үшін оқушылар арнайы кезеңдерден өтуі керек. Мәселен, нормативтік тапсырмаларды тапсыру, яғни жүгіру, орнынан секіруді орындау. Сонымен қатар, оқушылармен комиссия мүшелері арасында сұрақ-жауап өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«– Бүгін біздің мектептің оқушылары, «Жас сарбаз» сыныбы есеп беру кешін ұйымдастырды. Мұндай бастамаға қолдау танытқан «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Болашақта елін қорғау, абыройлы маман атану оқушылардың негізгі арманы, осы арқылы олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал жасайтын бірден – бір іс-шара деп бүгінгі жиынды айта аламыз. Болар елдің білімді ұрпақтары көбейе берсін!», – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтыншаш Айткулова.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жас сарбаздар сап түзеді

Сей Мам 30 , 2023
Оқылды: 412 Қазақстан Республикасына қызмет етемін! Биылғы жылдың мамыр айындағы соңғы онкүндігіндігінің жадыраған шуақты күндерінің бірінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөлімі мен 18405 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. (Қазақстан Республикасының Әскери анты мәтінінен үзінді)  […]