Айбынды жастар – ертеңгі ел қорғаны!

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!….» – деп, басталатын есімі алты Алашқа әйгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде нағыз жастардың қандай болу керектігін және түр-тұлғасын айқын суреттегені байқалады.

Осы ретте, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының алдағы Республикалық «Айбын-2023» әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық жұмыстарын бастап кеткендігін атап өткен жөн.

Алдымен, Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бас қосқан ортада клуб тәрбиеленушілері толық құрамының жаңадан жасақталуын қолға алды. Клуб тәрбиеленушілерінің алдыңғы қатарының мектеп қабырғасынан өмірге қанат қағып, білім ошағын бітіріп кетуіне байланысты, жыл сайын клубтың толық құрамы санының өзгеріп тұратыны тағы бар.

Білім ошағының жоғарғы сынып оқушыларының алдында сөз алған «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Тілек Кенжебеков 2018 жылдан бері Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына үзбей қатысып келе жатқан клуб тәрбиеленушілерінің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.  Жетекші Тілек Алшымбекұлы өз сөзінде: «….Ерекше есте қалатын сәттердің бірі – клуб тәрбиеленушілерінің V Республикалық «Айбын-2019» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сол жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты өз көздерімен көрген кезі еді. Барлық клубтардың басқарушыларымен бірге «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін басқарушы Сәулет Исаевтың салтанатты ашылу жиынының барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге тұрғанына бәріміз бірдей қуанғанымыз рас. Сол сәтті клуб тәрбиеленушілері әлі күнге дейін зор мақтанышпен айтып келеді» – деп, ағынан жарылды.

Клуб тәрбиеленушілері қатарынан клубтың алғашқы клуб тәрбиеленушілерін басқарушы Нұрхан Алшымбеков Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып келсе, клуб тәрбиеленушісі Алтынай Қаланбаева 2018 жылы жарыста жеңіске қол жеткізіп, клубқа ең алғашқы жүлдені сыйлады. Ал, клуб тәрбиеленушісі Сәулет Исаев мектепте озат оқушы атанып, кеудесіне Алтын белгіні тақты. Сондай-ақ, клуб тәрбиеленушілері Дулат Дүрназаров пен Ардақ Есиргеев екеуі Шучинск қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусын табысты аяқтап, бұл күнде еліміздің жоғарғы әскери оқу орындарының бірінде білім алып жүр.

Ендеше, Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына жыл сайын қатысып келе жатқан 06708 әскери бөлімінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Думан Жұмашұлы

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өтті

Дүй Ақп 13 , 2023
Оқылды: 359 Қарағанды қаласындағы жалпы білім беретін №10 мектепте жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі Мұқағали Мақатаевқа арналған «Поэзия менімен егіз бе едің?» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Соңына айрықша өшпейтін із қалдырған ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу […]