Әскери бөлімде «Ашық есік күні» өтті

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінен құралған Нүркен Әбдіров атындағы № 58 мектептің оқушылары Саран қаласындағы 44803  әскери бөлімінде өткен «Ашық есік күніне» қатысты. 

Жас сарбаздар әскери бөлімнің күнделікті қызметімен танысып, қару-жарақтар мен жауынгерлік техникаларды тамашалады. Әскери қызметшілер оқушыларға қазіргі заманғы атыс қаруларының мүмкіндіктерін, байланыс құралдарының техникалық сипаттамаларын түсіндірді. Сонымен бірге балалар спорт қалашығын, асхананы, мерзімді қызметтегі жауынгерлердің казармаларын аралап көрді.
– Мені әскери техникалар мен қарулардың алуан түрлілігі қызықтырды. Бізді қонаққа шақырған әскери ағаларыма алғысым шексіз, – дейді № 58 мектептің оқушысы Ақнұр Шаймерденова.
Кездесу барысында оқушылар әскери қызметшілерді Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде, 44803 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Димаш Нұрақаев жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, өз елінің парасатты азаматтары болуды тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Депутаттың манипуляциясы

Сәр Мам 4 , 2022
Оқылды: 1  222 27.04.20. ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында Қазыбек Иса Премьер-министр Әлихан Сайыловтың атына фракцияның атынан депутаттық сауал жолдаған. Онда тіл заңына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бұл жиында сөйлеген сөзі Парламент мәжілісінің сайтында да тұр. https://parlam.kz/kk/mazhilis/vgallery Ал әлеуметтік желіде осы фракцияның тіл туралы ұсынысын басқа депутаттар қолдамады деп айыптап […]