«Қазақ жігіттері» күні

Қарағанды қаласында алғаш рет «Қазақ жігіттері» күні аталып өтті. Бұл бастаманы «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы қолға алды.

2019 жылы осы жоба аясында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Күнтізбеде халқымыздың салты мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған барлығы 20-дан аса атаулы күн белгіленіп, насихатталып келеді.
«Қазақ жігіттері» күніне орай қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтерді даярлайтын мектеп – интернатта оқушылармен арнайы дөңгелек үстел ұйымдастылып, оқушылар «Қазақ жігіттері қандай болуы керек?, олардың ел алдындағы міндеті қандай?» және тағы басқа осы сынды сұрақтар төңірегінде ой толғап, пікір бөлісті. Шара соңында оқушылар атаулы күнге орай өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ән айтып, жырдан шашу шашты.
Ал ұйымдастырушылар болса, шараға белсенді қатысқан болашақ ел намысын қорғайтын жас спортшылар Нұржан Берік, Әлемхан Махметов, Данияр Абдуллин  мен Қуандық Мұхаммедияр, Заңғар Қайыржановқа  Қазақ күнтізбесін сыйға тартты. Сондай-ақ өз сөздерінде аталған күннің жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлінің аса маңызды екенін атап өтті. «Осы арқылы болашақ қазақ жігіттерінің бітім – болмыстары дәстүрлі қазақ қоғамының құндылықтарына негізделіп қалыптасады» – деген сенім мол дейді олар. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы аясында «Ердің 50 міндеті» атты қазақ жігіттерінің ар-ождан қағидаларын жарыққа шығаруға әзірленіп жатқандықтарын сөз етті. Аталған күн Қарағандыда осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қасымның отты жырынан қуат аламыз.

Бей Ақп 25 , 2021
Оқылды: 1  234 Ұлы даланың ұлы ақыны – Қасым Аманжолов 44803 әскери бөлімінің жеке құрамы мен Қарағанды қаласының Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханасы бірлесе отырып «Ұлы Даланың Ұлы ақыны – Қасым Аманжолов» тақырыбында кеш ұйымдастырды. Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды. Биыл қазақтың […]