1 сәуір – Қазақ өнері күні

Игі бастама. «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясымен әзірленген ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күні  қазақтың дарынды дирижері, композитор Нұрғиса Тіленді дүниеге келген.

Нұрғиса Тіленді  күйші композитор, дирижер, дәулескер домбырашы. 1981 жылы оның тікелей ұйымдастыруымен «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрі құрылды.Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Олардың жанрлық аясы да кең бұл ән, күй, романс, увертюралар, поэмалар мен  контата, опера, балет. Нұрғиса Тілендінің «Менің Қазақстаным», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуен», «Махамбет», «Өз елім» сынды шығармалары көпшілік қауымға етене таныс. Н. Тіленді тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, қазақ өнерін әрі қарай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті. Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін тал бойына сіңірген әкесінен тәлім тәрбие алып, тереңнен тамыр тартқан күй сарындарын санасына сіңірді. Нұрғисаның анасы Салиха да әйгілі Кенен ақынның қарындасы, ол да төңірегінде әншілігімен танылған өнер иесі болды. Сол кісінің сызылта салатын сұлу әндеріне бала Нұрғиса жан–жүрегін тербелтіп өсіп, ат жалын тартып мінген соң Қазақ өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты.

Қазақ өнері күніне орай халық ақыны Мұқтар Шаханов та жұртшылыққа өз құттықтауын арнады. «Кезінде Нұрғиса екеуміз бірлесіп «Әкеме» атты әнді жазған едік. Сол ән әлі күнге дейін сахнадан түспей келеді. Өнер иесіне халық тарапынан берілген бағаның үлкені осы болса керек» деп атап өтті ол өз құттықтауында. Барлықтарыңызды 1 сәуір – Қазақ өнері күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттар қолжетімді болады

Бей Нау 31 , 2022
Оқылды: 1  500 Жеке куәлік, вакцинация паспорты және басқа да цифрлы құжаттар Halyk Homebank-те қолжетімді Halyk Bank цифрлы сервистерді одан ары дамытуды жалғастыруда. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қолдауымен жаңа қызметті іске қосты: Банктің клиенттері Halyk Homebank қосымшасында өзінің цифрлы құжаттарын тұрақты түрде қолдана алады. “Цифрлы құжаттарды” бүгінгі таңда шамамен 10 млн. қазақстандық қолдануда. […]