Жауынгерлік даярлық – басты міндет

ҚазақстанРеспубликасының Қарулы Күштері!

 «Сарышаған» полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің артиллерист-жауынгерлері артиллериядан оқ ату оқу-жаттығуын бастап кетті.

Жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген есептоп құрамында артиллериянң 122 миллиметрлік Д-30 гаубицасынан көрсетілім атысын өткізді.

    Артиллериядан оқ ату жаттығуына командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Өміртай Құланбаев жетекшілік етті. Оқу-жаттығудың өту барысы командалық бақылау бекетінен қадағаланды.

Атыс алаңына жайғасқан 2-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының артиллерист-жауынгерлері берілген тапсырмаларды орындауға дайын тұрды. Белгіленген уақытпен берілген пәрмен бойынша артиллерист-жауынгерлер артиллериядан оқ атты.

    Бастысы – артиллериядае оқ ату жаттығуының көрсетілім атысы күткен нәтижені көрсетті. Артиллерист-жауынгерлер тарапынан ешқандай ауытқушылық болған жоқ.

    Осы ретте 2-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының жеке құрамы асқан жауапкершілік танытқандығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, батарея командирлері атыс кезінде бір-бірімен тез арада тіл табысып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шықты.

 Думан Жұмашұлы лейтенант,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Совет Одағының батыры Мартбек Мамыраевты еске алу сабағы өткізілді

Жұм Нау 17 , 2023
Оқылды: 367 Мұхтар Әуезов атындағы Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Майқұдық елдімекеніндегі №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында Мартбек Мамыраевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Батырды еске алу» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Жақып Ақбаев, Юрий Павлов және Жұмабек Тәшенев атындағы мектептердің оқушылары қатысты. Филиал меңгерушісі Гүлмаржан Болатқызы  Қосжан оқушыларға Мартбек  […]