«Teknofest-2023» халықаралық байқауы Түркияда жалғасты

Аталған байқауда заманауи технологияға арналған жарыстар 2023 жылдың 10 сәуірі мен 1 мамыры аралығына жоспарланған. Технология саласындағы ең үздік мамандар бас қосатын халықаралық іс-шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты өте кең ауқымда аталып өтеді. 

Мысалы, сайыс шеңберінде Түркияның әр аймағынан келетін 332 мыңнан астам команда мен 1 миллионнан астам қатысушы Коджаели, Бурса, Анкара, Аксарай және Стамбұлда ұйымдастырылады. Ұлттық технологиялық бағытта дамуды көздейтін “Тeknofest-2023” өз армандарын жүзеге асыру және технология жарыстарында үздік болу үшін күресіп жатқан жастардың табысты және өзіне сенімді жобаларының алаңына айналады.

Ататүрік әуежайында өтетін бес күндік фестивальда технология, ғылым, авиация және ұшу шоуларына толы бағдарламалар, марапаттау рәсімдері, көрмелер, саммиттер, семинарлар мен іс-шаралар болады.

Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жазғы кезеңге өту науқаны

Сәр Сәу 19 , 2023
Оқылды: 110 Міндет! Абырой! Ерлік! «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен жазғы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру […]