Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып беретін болды. Мектеп іргетасын қалау рәсіміне Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев және ауыл ақсақалдары қатысты. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып […]